Құлақтан кіріп, бойды алар...

 Белфаст Королева универ­ситетінің мамандары әуеннің балалар мен жасөс­пірімдердің күйзелісті жеңуі үшін жақсы әсер ететінін анықтады.
Сонымен бірге музы­калық терапия көңіл күйі мен тәрті­бі нашар бала­лардың өзін-өзі бағалауын жақсартып, сөй­леу және интер­активті дағдыларын дамытады. Ғалымдар тәжірибе жүргізіп, оған 250 бала мен жасөспірім қатысқан. Қатысушыларды екі топқа бөлген. Біреулерін дәстүрлі әдістермен емдесе, басқаларына меди­циналық препараттардан бөлек музыкалық терапияны қолдануды ұсынған. Нәтижесінде, күн сайын музыкалық терапиядан ем қабылдап отырған топтағы балалар дұрыстала бастаған, коммуникативтік және интерактивті дағдыларын көрсетіп, күйзелістен арылған.
Ғалымдар мұны айтарлықтай маңызды жаңа­лық деп отыр. Музыкалық терапияның тиім­ділігі бірінші рет клиникалық түрде дәлелденді.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз