Музыкатерапия әдісіне назар аударыңыз

Бұл аспаптың 4000 жылдық тарихы бар. Осыдан-ақ оның өте ертеде пайда болғанын аңғару қиынға соқпайды. Осы музыкалық аспап туралы сөз болғанда Қорқыт ата ойға оралады. Аңыз-әңгімелерде ол әулие, қобыз күйінің атасы, мәңгілік өмір іздеген адам болып суреттеледі. Бізге жеткен деректерге көз жіберсек, оны алғаш жасаған және күй тартқан адам болған деп айтылады.

 Ұлы Даланың ұлы перзенттерінің бірі – Орта ғасырларда өмір сүрген ірі ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт ата. Оның соңында қалған әдеби және музыкалық бай мұра ұлағатты ұрпақтар арқылы кезеңнен кезеңге ауысып, бүгінгі күнге жетіп отыр. Енді ол кім болған, қандай мұралары бар дегенге келейік.

 Қазақ халқының атадан балаға тараған шежіресі бойынша музыка өнерінің тууы Қорқыт есімімен тығыз байланысты. Қорқыт қобызға алғаш тіл бітіріп, үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі, күй атасы.

 Қобыз — ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алатын, ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болған, өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын күрделі аспап. Қобызды жасап шығарған Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңіне қатысты түрлі ғылыми жорамалдар бар.

 Бұл зерттеуде қобыз аспабының шығу тегіне тоқтала келе, оны сақтау, қорғау, дамыту, насихаттау шаралары туралы ой қозғалады.

 Қасиетті қобыздың үні арқылы адаманың жан дүниесін емдеу әлі күнге дейін қазақ психалаогиясында қолданбаған тек тарих қойнауына үңілсек көшпелі  заманда бақсылар қолданған.Біз бұл күнде өз түп тамырымыздан ажырап қалдық қарапайым батыстың музыкасын музыкатерапияға қолданып  жүрген психолог-тренерлер қаншама бізге олар не берді? Ойланып қарасам қобыздың қаситеттілігі сондай жан дүниеңде жиналып мұң мен зарды қобыздың үні арқылы шығаруға болады. Республикаға танымал дәрігер-психиатр Марат Юнусов, қобыз ішектерінен төгілген мантралардың жүйке ауруына шалдыққан сырқаттарға аутогендік терапия курстарын өткізу барысында тигізетін ықпалының зор екендігіне еш күмәнданбаймын дейді. Ендеше, осы қасиетті қобыздың көпшілікке біз білмейтін беймәлім сырлары да көп.

Адамның жан дүниесін рухани тазарту және рухани көтермелеу.

 Қобыз әуені тыңдаушының ой-санасын өткен шаққа оралтып, уақыт салған ескі психологиялық жарақаттардың біртіндеп жазылып, жан дүниесі қазіргі уақытпен үйлесім табуына әсер етеді.  Емдік ән, емдік музыка, музыкалық терапияның адам денсаулығын түзеуге, рухани жаңғыруға ықпал ететінін бағзы замандағы оқымыстылар да, қазіргі кезеңдегі ғалымдар да ғылыми негіздеген.  Музыканы тыңдау барысында адамның биологиялық жасына қарамастан оның интелектісінде, жадында, түйсігінде және шығармашылық бастауында даму үрдісі жүреді. Бұл туындылар да  науқастарға рухани тазаруы үшін күш-жігер беріп, ағзаның жан мен тән  сырқаттарын жеңіп шығуына жәрдемдесетін көрінеді.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз