Жаңа ертегілер елінде

  Бүгінгі күнге сай жазылған заманауи бұл ертегілер адам бойындағы жақсы қасиеттерді дәріптеп, оқырманға ой салады. Мұнда өзіміз естіп жүрген бұрынғы ертегілердің кейіпкерлері өзге қырынан танылады. Мысалы, ылғи қулығымен танылған түлкі ормандағы ең мейірімді аң атанады. Компьютерге телміріп, семіздікке шалдыққан балалар туралы оқиға «Жалқау жылан» ертегісінде баяндалады. Тісін емдетуден қашатындар ертегідегі Тоқылдақ дәрігердің тапқырлығына тәнті болары сөзсіз. Достық, тәккапарлық, үлкенді сыйлау, өнер жолындағы бақ таластық, кәсіпкерлік пен отансүйгіштік қасиеттер де ертегілерге арқау болған.


 Ертегілердің әр кейіпкеріне жан бітірген суретші-иллюстратор – Серік Басбаев. Кітаптар 1500 данамен Астана қаласындағы «Шаңырақ-Медиа» баспасында басылып шыққан.


 Кітапты алам деушілер үшін: бағасы 1500 теңге, байланыс номері – 8-701-535-55-02

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз