«Көңілді күн!» акциясы өтті


«Жас Отан» Жастар қанаты жергілікті жас кәсіпкер Қанат Дүкенбаевпен бірлсесе «Көңілді күн!» акциясын өткізді. Акция Қызылорда қаласы, Талсуат ауылдық округіндегі «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында» ұйымдастырылды. Орталықтың бүлдіршін тұрғындарына арналып ән шырқалып, тіпті бірге биде биледі. Шарада балаларға мультфильм кейіпкерлері, аниматорлар қуанышты көңіл-күй сыйлады. Акция соңында бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестірілді. Шара соңында орталық директоры Айгүл Шамшатова «Жас Отан» Жастар қанатына және жас кәсіпкерге өзінің алғысын білдірді.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз