Ұстаз Монтессоридың өсиеттері

 


Мария Монтессори өз елінің тарихындағы бірінші  дәрігер әйел. Ол өзінің бүкіл өмірін балаларға арнады. Балалардың гармондық дамуындағы  негіздері мен жолдарын, білім жүйесін қалыптастырды. Сонымен қатар,  ата-аналарға есте сақтау ретінде өзінің қысқаша өсиеттерін қалдырды. Бұл қарапайым сөздің өзінде үлкен даналық пен ой жатыр. Егер де осы айтылғандарды бір жылда бір рет оқысаңыз, балаларға деген көзқарасыңызды жаңа деңгейлерге жетелейді, ал балаңыздың өсуі мен дамуы үйлесімді тұлға ретінде қалыптасады.

 

\1. Баланың оқуы айналадағыларға байланысты.

2. Егерде балаңыз жиі ұрыс шығаратын болса, онда ол талқылауды үйренеді.

3. Егер баланы жиі мақтаса, онда ол бағалауды үйренеді.

4. Егер балаңызды туғаннан күреске үйретсеңіз, онда ол соғысуды үйренеді.

5. Егер балаңызбен шыншыл болсаңыз, онда ол әділдікті үйренеді.

6. Егер балаңыз  жиі күлетін болса, онда ол жасқаншақ болуды үйренеді.

7. Егер бала өзін қауіпсізбін деген сезіммен өмір сүрсе, онда ол сенуді үйренеді.

8. Егер баланы жиі ұятқа қалдырсаңыз, онда ол өзін-өзі кінәләуді үйренеді.

9. Егер балаңызды жиі жақтасаңыз, онда ол өзіне деген жақсы қарым-қатынасты үйренеді.

10. Егер балаға жиі мейірімді болсаңыз, онда ол төзімді болуды үйренеді.

11. Егер балаңызды жиірек қолдап, демесеңіз,  онда ол өзіне деген сенімділігі артады.

12. Егер балаңыз  достық  ортасында өмір сүрсе және өзін керекпін деп сезінсе, онда ол махаббатты табуды үйренеді.

13. Балаңыз туралы жаман айтпаңыз, оның көзінше де, ол жоқта да.

14. Балаңыздың бойына жақсы нәрселерді шоғырландырыңыз, сонда оның бойында жаман нәрсеге орын болмайды.

15. Балаңызды әрдайым мұқият тыңдаңыз және сауалына дұрыс жауап беріңіз.

16. Балаңыз қателік жасаса және қателігін қазір немесе кейін түзегісі келсе, онда құрметтеңіз.

17. Әрдайым балаға көмектесуге дайын болыңыз, балаңыз назардан тыс қалмауы керек.

18. Әрдайым балаңызға мезгілінен бұрын меңгеруге көмектесіңіз. Бұл әлемді қамқорлық пен сабырлыққа, тыныштық пен махаббатқа толтырыңыз.

19. Балаға көңіл бөлгенде өзіңізді жақсы ұстаңыз және оған өзіңіздегі бар жақсы қасиеттердің ең үздігін  ұсыныңыз.

 

Халық арасында мынадай жақсы сөз бар: - «Негізінде баламен қарым-қатынас жасау қиын емес: балаңыз жақсы болсын десеңіз,  жақсы ата-ана болыңыз».

 

Ғаламтордан алынды

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз