Судың ұлы құпиясы.

Көп жыл зерттеу жұмыстарын жүргізген Эмото берілген сыртқы мәліметке қарай су құрамының өзгеретіндігіне анық көз жеткізді. Екі бірдей ыдысқа су құйып, біреуіне жақсы, ұнамды, жағымды сөз, екіншісіне жаман, жағымсыз сөз жазылған қағаз жапсырған. Сулардан түзілген кристалдарға қарағанда, жағымды сөз жазылған су кристалының өте әдемі, ал керісінше, жағымсыз сөз жазылған судағы кристалдардың пішіні бүлінгендігі анықталған.

Айталық, «жақсы», «бақыт», «рақмет» деген сөздер жазып жапсырылған су кристалдары жаңа ашылған гүл секілді әдемі түскен. Ал, «жаман», «сорлылық», «жынды» деген секілді сөздер жазылған судың кристалдары дереу бұзылуға ұшыраған.

Бір қызығы, шет тілінде жазылған бір мәндегі сөздерге де су кристалдары әдемі түзілген. Мәселен, рақмет мағынасындағы ағылшынша «thank you», қытайша «doce», французша «merci», немісше «danke» италиянша «grazie», арабша «шүкран», түрікше «тешеккүр», корейше «камусамунида» сөздерінің бәрі де жақсы әсер ететіндігін байқатқан. Ең қызығы, «махаббат және құрмет» сөзі жапсырылған судан түзілген кристалдар тым әдемілігімен ерекше көз тартқан.

Alashainasy.kz порталынан алынды

Комментарии 1

Маған ұнады."Үздік сабақ" жібергім келіп тұр.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз