Жақындарыңызға арналған медициналық сыйлықтар

Қадам өлшегіш (шагомер)

Бұл құрылғы адамның физикалық белсенділігін көрсетеді. Спортпен мерзімді айналысуға уақыт болмаса да, қарқынды жүру арқылы да жаттығуға болатынын білеміз. Қадам өлшегіш адамның қанша қадам жасағанын және неше километр жүргенін көрсетіп отырады. Сондықтан оны көрген адам одан да көп жүргісі келіп, ынталана түседі. Жүгіруге қарағанда қарқынды жүруге ешқандай қарсы көрсетілім жоқ. Керісінше, ол жүрек жұмысын жақсартып, тері жағдайын қалпына келтіруге көмектеседі.

Массажға немесе SPA-процедураға арналған сертификат

Көпшілік адам ақша үнемдеу үшін демалудан бас тартады. Кей адамдар SPA сөзін ақшаны бекерге құрту немесе байларға арналған процедура деп ойлайды. Алайда массаж бен SPA рақаттандырып қана қоймай, ісікті кетіруге, ұйқына қалыпқа келтіруге және бұлшықеттерді, жүйке жүйесін емдеуге көмектеседі. Сондықтан өзіне ондай демалуды қимайтын жақыныңызға сертификат сыйласаңыз, оның қуана баруы әбден мүмкін.

Ортопедиялық жастық

Ортопедиялық жастық омыртқаның дұрыс орналасуына және бұлшықеттердің максималды түрде босаңсуына көмектеседі. Қуатты болу, бас пен омыртқа ауруынсыз ұйқыдан тұру – керемет сыйлықтардың бірі.

Түскі асқа арналған ыдыс

Мұндай ыдыс – әмбебап сыйлықтардың бірі. Оны кеңседе жұмыс істейтін және жиі жолға шығатын адамға сыйлауға болады. Мұндай ыдыстың әр түрі бар. Мысалы, ыдыстың іші бірнешеге бөлінген немесе сырты адамның көңілін көтеретін түрлерін таңдауға болады.

Таймер

Егер ата-анаңыз немесе әжеңіз дәрі ішуді ұмытып кете беретін болса, дәріге арналған таймер алуға болады. Таймер қолмен реттеліп, автоматты түрде белгі береді. Ал оның ішінде дәріге арналған бөлігі болады.

 Alashainasy.kz сайтының деректері

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз