«Жас ғалым - 2018» атты Халықаралық жас ғалымдар байқауы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауы еліміздің өркендеуі мен болашақ бағдарына жаңаша тың серпін беруде. Осыған орай ағымдағы жылдың 31 наурыз күні Алматы қаласында Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы мен еліміздің іргелі оқу орны М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясымен бірлесіп "Ғылымға қадам болашақ кепілі" Республикалық ғылыми жобалар байқауы болып өтті. Ғылыми жоба байқауына еліміздің әр өңірінен оқушылар өз жобаларын ұсынды. Жаңашыл жобаларын ұсынған үздіктер жүлделі орындармен марапатталды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз