БІЛІМ ҮЗДІКТЕРІ марапатталды

 

 

 БІЛІМ ҮЗДІКТЕРІ марапатталды


 

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Эрудит» интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен 4 наурыз күні Алматы қаласында «Қазіргі  білім беру мәселелері: теория және практика» тақырыбында Республикалық семинар өтті.  Семинарға  еліміздің әр өңірінен білікті педагог мамандар қатысып, тәжірибе бөлісті. Семинарды профессор Гаухар Турсынмуратова ашып, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында «Эрудит» интеллектуалды білім порталының бас редакторы Сауле Отарбаева «Білім үздігі» байқауының өту барысымен және нәтижесімен таныстырды.  Қазіргі білім беру жүйесінің маңыздылығы мен жаңа бағыттары туралы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының директоры Назгул Жолтаева сөз сөйлеп, өз ойын ортаға салды. Семинар соңында «Білім үздігі» Республикалық байқауының жеңімпаздары орталықтың арнайы төсбелгілерімен және дипломдармен марапатталды. Семинарға қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

 

Ғазиза ТӘУТӘЙ

 Портал әдіскері

Комментарии 1

Таза білім мен ғылымның дамуына үлес қосатын осындай орталықтар көбейе берсін. Орталық директоры Жолтаева Назгул ханымға алғыс айтамыз. Әдіскерлері өте мәдениетті әрі білімді екен. Жеңімпаздарды құттықтаймын! Астана қаласынан Эльмира апайларың.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз