«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Республикалық мектеп оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген пәндік олимпиаданың ҚОРЫТЫНДЫСЫ



Құрметті пәндік олимпиадаға қатысушылар!

       Жазушы Ғабит Мүсіреповтың 115 жылдығына арналған олимпиада өз мәресіне жетті. Еліміздің әр өңірінен көптеген талантты оқушылар қатысты. Бірінші тур шығарма жазу кезеңі бойынша сөздік қорының аздығына байланысты  көптеген оқушылар тақырыпты аша алмады. Десе де, жас балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоғары ұпайлармен бағаладық. Осы тұста оқушыларға көркем әдебиетті көптеп оқуға кеңес береміз. Ал, екінші турда жиырма бес сұрақтан тұратын күрделі емес тест сұрақтары берілді. Жалпы қорыта келгенде барлық оқушылардың еңбегі ескеріліп, бағаланды. Барлық оқушылар жетекшілерімен бірге марапатталады. 

                                                          Құрметпен: Ұйымдастыру алқасы

Ескерту: толық қосымша ақпараттарды портал әдіскерінен біле аласыздар.


  Ережені жүктеп алу: orytyndysy-sayta.pdf [261.68 Kb] (cкачиваний: 473)
Ережені оқу: orytyndysy-sayta.pdf
 

Комментарии 6

Құрметті пәндік олимпиаданы ұйымдастыру алқасы! Мен Талдықорған қаласы,Мойнақ ауылын дағы МДШО бар №23 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет етемін. Осындай пәндік олимпиада өткізіп жатқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін .Көктемнің жаймашуақ күніндей боп құлпырып жүре беріңіздер! Еңбектеріңіз жанып, шығармашылықтың шыңынан көрініңіздер !
Құрметті пәндік олимпиаданы ұйымдастыру алқасы! Мен Талдықорған қаласы,Мойнақ ауылын дағы МДШО бар №23 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет етемін. Осындай пәндік олимпиада өткізіп жатқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін .Көктемнің жаймашуақ күніндей боп құлпырып жүре беріңіздер! Еңбектеріңіз жанып, шығармашылықтың шыңынан көрініңіздер !
Құрметті пәндік олимпиаданы ұйымдастыру алқасы! Қазақтың ұлы тұлғасы Ғ.Мүсіреповтің 115 жылдығына орай ұйымдастырған олимпиадада оқушылар өз білімдерін көрсете біліп, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болып отыр. Сіздерге алғысымыз шексіз. Оқушыларымыз қуанып, ата-аналар өздерінің алғысын білдіріп жатыр. Еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз. Білім жолында еңбектеніп, әр шәкірттің көңілінен жылы орын таба білген сіздерге үлкен рахмет.
Құрметті олимпиада ұйымдастырушылары. Өткізізіп жатқан олимпиадаларыңызға көп-көп рахмет. Оқушылардың шығармашылыққа баулу, кітапқа деген құмарлығын арттыру мақсатында жасалып жатқан шаралардың өрісі кең болсын демекпін. Оқушыларымыз қатысып өз деңгейлерін аңғарды. Дегенмен 10 сыныптан қатысқан Жұмабай Гаухар деген оқушымыз 23 ұпай жинап еді мына қорытындыда көрсетілмепті, мүмкіндік болса осы жайды анықтап берсеңіз.
Саламатсыздар ма, құрметті ұйымдастыру алқасы! Оқушыларымыз пәндік олимпиадаға қатысып, пәнге деген қызығушылығы артып жатыр. Әсіресе ата-аналар тарапынан алғыс шексіз. Осы олимпиадаға қатысып, балалар шығарма жазу үшін кітапханаға жиі-жиі барып, көркем әдебиеттер оқып, оң өзгерістер байқалуда. Алдағы уақытта да осындай пәндік олимпиадалар жиі өткізілсе екен. Ең бастысы оқушылардың өзіне деген сенімділігі орнады. Балалардың өз білімдерін шыңдау үшін мақсат қою, алға ұмтылу сияқты жігерін, намысын оятуға ықпал еттіңіздер. Рахмет сіздерге!
Құрметті, портал әдіскерлері! Олимпиада тест сұрақтары оқушылардың өз деңгейінде берілгені өте қатты ұнады.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз