ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіпқойлығы

 

Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатын, есінде мәңгі қалатындай болу керек. Мені бала кезімнен баптап, өмірдің ыстығы мен суығын үйретіп, осы мамандық таңдауыма бірден-бір себепкер болған әкем еді.

Қазіргі білім беру саласының алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде дамуы тиіс. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны, жүрегі.

Сабақ барысында балалардың көзінен «Бүгін не үйренеміз?» деген сұрақты оқимын. «Мен не үйреттім?», «Олар не ұқты?», «Бүгінгі сабақтың нәтижесі қандай?» деген сұраққа жауапты оқушылардың өзінен іздеймін. «Адамды бір нәрсеге үйретуге болмайды, тек қана оған бұл жаңалықты өзі үшін ашуына көмектесуге болады» - деп Галилео Галилей айтқандай, осы сөздің мағынасына терең үңілсем айтып үйрету мен өзіне жасатудың екі басқа екенін ұқтым және оны өзіне жасаттырып бағыт-бағдар беруді сабақта қолданудың тиімді екеніне сенімім артты.

Сабақта оқытудың интерактивті әдістері мен СТО бағдарламасының кейбір стратегияларын жиі қолданамын. Әр сабақта төмендегідей талаптарды қоямын:

* берілген материалды өз сөзімен айтуы, өмірмен байланыстыруы;

* тақырыпқа байланысты тірек-сызба, слайд, негізгі ережелерді көрсетуін;

Осылай күнделікті сабақта оқушыға тапсырманы күрделендіріп беріп, бағыт-бағдар көрсетіп отырса, оқушы бұл тапсырманы орындағанда, оқулық материалымен шектеліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып, ізденіп жауап береді. Осындай тапсырмалар беру арқылы:

* сыни тұрғыдан ойлауы мен пайымдауын;

* эссе жазу арқылы ізденуі, тестті қолданумен есте сақтау деңгейін анықтауды, дәлелді сөйлей білуге оқушының дағдыланатыны сөзсіз.

«ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіпқойлығы» деген жазбаны көруде Алфред Барнс пен Дебора Броун өз тәжірибесінде студенттермен ХІХ, ХХ және ХХІ ғасырларды салыстырып осы әдісті қолдануда тиімділігі мен оған кедергі келтіретін факторларды атап көрсетті. Әсіресе бағалау мен белсенділіктегі кедергілер бізде де бар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы - бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр.» - деген болатын. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні” бар дегендей, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармай, білімнің көшінен қалмас үшін жаңалықтан қалмай, дамығанымыз жөн.



Рысбаева Ғ.С. Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қ,

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз