І Республикалық «ҮЗДІК СЫНЫП» байқауының Ережесі

І Республикалық «ҮЗДІК СЫНЫП» байқауының 

Ережесі

Қатысушы өтінімдерін қабылдау мерзімі: 30 қазан - 5 қараша аралығы

 

Қорытынды уақыты: 20 қараша

 

Ұйымдастырушы: «Эрудит» Республикалық интеллектуалды білім сайты

Байқау мақсаты: педагог мамандардың қоғам алдындығы беделін арттыру, педагогикалық іс-тәжірибелерін өзге жас мамандармен бөлісу, Педагогикалық шеберлік барысында интернет ресурстарын тиімді пайдалану, Кәсіби білім, білік  дағдыларын саралау. Сынып ішіндегі ауызбіршілікті нығайту. Оқушыларды топпен жұмыс жасауға бағыттап, тәрбиелеу.

Байқау міндеттері:

- Білім беру жүйесіндегі озық педагогикалық идеяларды насихаттау;

- Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған озық іс-тәжірибелерді көрсету.

- Республикамызға үздік сыныпты таныстыру, іс-тәжірибелерімен бөлісу

1. Байқау шарттары мен тапсырмалары:

Байқау ІІ кезеңнен тұрады. Байқауға қатысу үшін өтінім жіберуі тиіс. 

 (30 қазан - 5 қараша аралығында) 

І кезең.  Дауыс беру (Байқауға қатысуға өтінім жіберген сыныптың атауы  сайтта шығады. Сонда басқа да педагогтар оқушылар өз сыныбына, достарына дауыс бере алады. Дауыс беру 18 қарашаға дейін жүреді. )

ІІ кезең. «Біздің көңілді сынып». Қатысушы сынып өздерінің қоғамдық жұмыстарда, тәрбиелік іс-шараларда топпен түскен көңілді фотоларын қысқаша анықтамасымен жібереді. (5 фото)

2. Байқауға қатысушылар

2.1. Байқауға: барлық білім беретін мекемелердің сыныптары қатыса алады.

3. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

3.1. Байқауға өтінім  2018 жылдың 30 қазаннан бастап 5 қарашаға дейін қабылданады. Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды.

3.2. Байқауға қатысу ТЕГІН!

www.эрудит.kz сайтымен толық танысу. Сайт әдіскерлері арқылы немесе сайт арқылы қатысуға сұраныс жіберу. Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей жұмыстарын жіберуі керек.

3.3. www.эрудит.kz білім сайтында дауыс беруге арналған арнайы программада өтінім жіберген сыныптардың аты шығады. Дауыс беру 20-қарашаға дейін  ашық болады.

Қатысушы өтінімді түбіртекпен, байқау жұмысын eruditkaz@mail.ru почтасына жолдауы тиіс.

  • Бәсекеге қабілетті жұмыстарды қазылар алқасы бағалайды, оған білім беру саласындағы танымал мамандар, жазушылар, үздік ұстаздар, мәдениет қызметкерлері және әлемдік қоғамдастық танылған ғалымдар кіреді.

4. Бағалау өлшемдері

5.1. Ойлау ерекшелігі

5.2. Орындау эстетикасы

5.3. Басқа адамның және интернет желісінен алынған материалдарды қолданбағандығы.

5.4. Фото суреттің маңыздылығы

Қорытынды:

Қатысушы сыныптар  жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған сыныптарға алғыс хаттар беріледі.. Жеңімпаз жұмыстар www.эрудит.kz сайтында жарияланады.

Қосымша сауалдар үшін: Сайт әдіскері Тәжеке Жадыраханым  87718214657, whatapp 87475105009

Ескерту:Қосымша сауалдар мен басқа мәселелер бойынша сағат 09:00 дан 18:00 ге дейін хабарласа аласыздар.

Қосымша 1

Өтінім парағы

1

Сынып атауы  (толық)

№28 мектептің 7 «а» сынып оқушылары.

2

Сынып жетекшісінің аты-жөні

Озатбекова Жүлдегер

3

Сынып жетекшісі аты-жөні(лауазымы)

№28 мектептің физика пәні мұғалімі

4

Байланыс телефондары

8777 777 77 77

5

Электрондық поштасы (e-mail)

ozatkul@mail.ru

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз