Кіріспе бөлім 1. Технология дегеніміз не?
Негізгі бөлім 2. Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар.
3. Технологияларың түрлері
Қорытынды бөлім 4. Жаңа технологияларды қолдану бізге не береді?
Техгология дегеніміз - педагогтың кәсіби қызметін жаңартушы және сатылапын жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс- әрекеттер көзі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.
Бүгінгі таңда жаңа технологияларды балабақшада қолданудың тиімділігі өте зор. Балалар біздің болашағым болғандықтан оларға жүйеі білім беру біздің мақсатымыз. Сондықтан тәрбиешілерге жаңа технологияларды оқу процесінде қолдану өте маңызды.
Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта – ықыласын дұрыс бақыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инноватциялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада қолдануға тиымды технологиялар:
1.ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы.
2. Денсаулық сақтау технологиясы
3. Монтессори технологиясы
4.Зайцев технологиясы
1) ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г. С. Альтшулер ойлап тапқан.
Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
2)Денсаулық сақтау технологиясы- Мектепке дейінгі мекемеде баланың өмірлік іс- әрекеті әр түрлі нысанда және түрлі әрекеттер көмегімен денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған.
3) Монтессори технологиясы. Монтессори негізінде баланың ұсақ сақсау моторикасын дамыту мақсатында сонымен бірге логикалық ойлауын жетілдіру мақсатында жүргізіледі. Негізін қалаған Мария Монтессори.
4) Зайцев технологиясы. Негізін қалаған: Н. А. Зайцев
Мақсаты: Оқыту мен санауды қатар үйрете отырып, балалардың дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Баланың білімді барлық сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз етеді. Қорыта келгенде тәрбиешілерге балалармен жұмыс жасағанда жоғарыда айтылған технологияларды қолдануы тиіс. Алдымен маман технологияның не екенін түсініп алуы керек. Өйткені бала біздің болашағымыз өз болашағымыз өз қолымызда.
Аметова Н.К.
Астана қаласы, «Жанарым»