Тарихы

Эрудит.kz интеллектуалды білім сайты 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Негізгі тақырыптық бағыты білім беру саласы болып табылады. Сайт өз жұмысын бастаған уақыттан бері көптеген шаралар ұйымдастыруда. Және де сайт бетінде ұлттық құндылықтар мен білім саласының озық технологияларын насихаттап келеді. Сондай-ақ Елбасы жолдаулары мен бағдарламаларын үздіксіз сайт бетінде насихаттап, білім беру қызметкерлерін ақпараттандыруда өзіндік үлесін қосуда.

Эрудит.kz интеллектуалды білім сайты интеллектуалдық білім байқауларымен қатар көптеген танымдық шаралар өткізіп көптеген мекемелердің алғыс хаттарымен марапатталған. Атап айтар болсақ,

  • М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясымен бірлесіп «Жас ғалым - 2018» Республикалық ғылыми жобалар байқауы мен «Кел, балалар оқылық!» Республикалық мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды. Сайт ұжымы оқу орны басшылығының Алғыс хатымен марапатталды;
  • Арыс қалалық білім бөлімімен бірлесіп Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ғылымға қадам – болашақ кепілі» атты Республикалық білім саласы қызметкерлерінің форумын өткізді.
  • «Ізденіс жолы» қоғамдық қорымен бірлесіп Қызылорда қаласында «ORDA-JUNIOR – 2016/2017/2018» мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмыстардың облыстық байқауын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.
  • Астана қаласы  №80 мектеп-гимназиясымен бірлесіп «Мұғалім мәртебесін көтеру – ортақ іс»  Республикалық ғылыми практикалық конференциясын өткізді.
  • Сондай –ақ сайт ұжымы халықаралық дәрежеде Қырғызстан Республикасы Шолпан ата аулында «Ыстық көл сапары -2017» халықаралық білім мен өнер фестивалін өткізді.

Бұдан өзге де мектеп, колледж, университеттермен, мұражайлармен, кітапханалармен бірлесіп танымдық шаралар өткізуде.