Республикалық сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүзден астам мектеп оқушылары қатысып жатыр. Жарыс «Негізгі», «Шығармашылық» және «Робот футболы» категориялар бойынша өткізілді.
Робототехника бойынша ұлттық чемпионаттың ашылуында жас дарындарды Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова және «LEGO Education» компаниясының ТМД бойынша өкілі Юрий Вирич құттықтады.
300 қатысушының 200 астам делегаттары Зияткерлік мектептерде оқиды. Оңтүстік астанамыздан 30 оқушы қатысуда, яғни ең көп делегацияны Алматы қаласы құрап отыр.
Байқаудың ең жас қатысушысы – Павлодардан келген 8 жасар Жасмин Ещанова. Ол байқаудың «Негізгі» санатында өнер көрсетеді. Жасмин министрдің қолынан арнайы сыйлық – ноутбук алды. Оның бапкері – Назым Арыстанбекқызы, 2015 жылғы Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі, үш топ дайындады.
– Біз барлық мектептерде цифрлі технологияларға деген қызығушылықты оятудамыз, ұлттық чемпионаттың қатысушылары бүгіннің өзінде цифрлі Қазақстанның негізін қалап үлгерді, – деп атап өтті білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев іс-шараның ашылу салтанатында.
Ұлттық чемпионат – WRO робототехника бойынша халықаралық кезеңінің іріктеу бөлімі. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
2014 жылдан бастап «World Robot Olympiad-тың» Қазақстанда ұлттық үйлестірушісі болып табылады және осы шараны Зияткерлік мектептерде жыл сайын өткізіп отырады.