Республикалық "Білім үздігі" байқауының финалы

Құрметті ұстаздар!

  

«Білім үздігі» Республикалық үздік педагогтар байқауының ақтық мәресіне өтулеріңізбен сіздерді құттықтаймыз!

Осыған дейінгі кезеңдерде талмай еңбектеніп, шығармашылық тұрғыда танылып, өздеріңізді жан-жақты белсенділіктеріңізді көрсете білдіңіздер. Сіздер жайлы редакциямызға әріптестеріңізден, шәкірттеріңізден көптеген ыстық ықыласқа толы хаттар келіп түсті. Бұның өзі ұстаздық абырой мен білікті маман екендіктеріңізді аңғартады.

        Енді  ақтық кезеңде сіздерге 5 минуттық шығармашылық бейнеролик түсіру тапсырмасы беріледі. Бұл тапсырманы берудің өзіндік себептері бар. Ұстаз- шығармашылықтың адамы. Сіздер өздеріңіз турасында әзірлеген бейнероликтер интернет желілерінде таралады. Еліміздің бүкіл ұстаздары мен оқушылары тамашалап еңбектеріңізбен  танысады. Өздеріңіздей білікті, білімді, жан-жақты шығармашыл ұстаздарды көпшілікке үлгі етіп көрсету біздің басты мақсаттарымыздың бірі.

Бейнероликке қойылатын талаптар мен бағалау:

Бейнероликтің ұзақтығы 5 минуттан аспауы шарт;

Қатысушы өзінің ұстаздық тұлғасын толық ашып көрсете білуі керек;

Бейнероликте аты-жөні, жұмыс орны көрсетілуі шарт;

сайысқа қабылданатын бейнероликтер форматы: (AVI формат мүмкіндігінше, WMV);

Бейнеролик идеясына баса назар аударылады;

Эрудит – интеллектуалды білім порталында жарияланған бейнероликтерге жазылған пікірлерге де назар аударылады;

Бейнероликтер 20 балдық жүйемен бағаланады; бейнеролик сапасы – 5 бал, мазмұны – 5 балл, бейнеролик ерекшелігі мен идеясы – 10 балл;

Ескерту! Бейнероликтер 11 ақпанға дейін eruditkaz@mail.ru электронды почтасына жіберілуі керек!

                                       Қосымша ақпараттар үшін. «Білім үздігі» байқауына жауапты әдіскер +7 707 679 64 34;

                              +7 778 452 74 29; (WhatsApp)

Комментарии 2

Білім үздік байқауына қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Республикамыздың үздік педагогтарын , олардың шығармашылығымен, еңбектерімен, нәтижесіндегі жетістіктерімен, әсіресе, жас педагогтерідің үйренері бар ұстаздарды анықтау мақсатында "Білім үздігі"байқауын ұйымдастырып отырған ұжымға алғыс айтамын. Еңбектеріңіз жана берсін, байқауларға қатысушы жаңашыл ұстаздар, оқушылар және оқырмандарыңыз көп болсын.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз