І Республикалық «ПедСтарт» байқауының Ережесі

 

Қатысушы өтінімдерін қабылдау мерзімі: 17 қырқүйек-5 қазан аралығы

 

Қорытынды уақыты: 1 қараша

 

Ұйымдастырушы: «Эрудит» Республикалық интеллектуалды білім сайты

Байқау мақсаты: педагог мамандардың қоғам алдындығы беделін арттыру, педагогикалық іс-тәжірибелерін өзге жас мамандармен бөлісу, Педагогикалық шеберлік барысында интернет ресурстарын тиімді пайдалану, Кәсіби білім, білік  дағдыларын саралау.

Байқау міндеттері:

- Білім беру жүйесіндегі озық педагогикалық идеяларды насихаттау;

- Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған озық іс-тәжірибелерді көрсету.

- Республикамызға үздік педагог мамандарды таныстыру, іс-тәжірибелерімен бөлісу

1. Байқау шарттары мен тапсырмалары:

Байқау ІІІ кезеңнен тұрады. Байқауға қатысу үшін педагогтар өтінім жіберуі тиіс.  (17 қырқүйек-5 қазан аралығында) 

І кезең.  Дауыс беру (Байқауға қатысуға өтінім жіберген педагогтардың аты-жөні сайтта шығады. Сонда басқа да педагогтар оқушылар өз ұстазына дауыс бере алады. Дауыс беру 31 қазанға дейін жүреді. )

ІІ кезең. Педагогикалық-психологиялық тест тапсыру. (10-12 қазан аралығы) 

ІІІ кезең. «Ұстаздық жолымдағы ұлы белес»  тақырыбында ұстаздық етіп жүрген жылдардағы алған асуларыңыз, жетістіктеріңізбен бөлісіп білім беру жолындағы ойтолғамдарыңызды эссе ретінде жазу.  

  •  (көлемі – 2-3 бет, Times New Roman, 12 шрифт, 1,5 интервал).

2. Байқауға қатысушылар

2.1. Байқауға:ЖОО-ның оқытушылары, білім беру институтының қызметкерлері, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының педагог мамандары, орта мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері.

3. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

3.1. Байқауға өтінім 2018 жылдың 17 қыркүйегінен бастап 30 қыркүйегіне дейін қабылданады. Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды.

3.2. Байқауға қатысу 1000 (бір мың теңге)

www.эрудит.kz сайтымен толық танысу. Портал әдіскерлері арқылы немесе портал арқылы қатысуға сұраныс жіберу. Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей жұмыстарын жіберуі керек.

3.3. www.эрудит.kz білім сайтында дауыс беруге арналған арнайы программада өтінім жіберген мұғалімдердің аты-жөндері шығады. Дауыс беру 31-қазанға дейін  ашық болады. Тестілеу 10-12 қазан күндері болады. Тестілеу нәтижесінде жоғары балл көрсетіп, жазбаша ойтолғамы (эссе) үздік танылған және көп дауыс жинаған алғашқы 20 мұғалім Дипломдармен марапатталып, сайттың құрмет тақтасына суреттері қойылады.

Қатысушы өтінімді түбіртекпен, байқау жұмысын eruditkaz@mail.ru почтасына жолдауы тиіс.

  • Бәсекеге қабілетті жұмыстарды қазылар алқасы бағалайды, оған білім беру саласындағы танымал мамандар, жазушылар, үздік ұстаздар, мәдениет қызметкерлері және әлемдік қоғамдастық танылған ғалымдар кіреді.

4. Бағалау өлшемдері

5.1. Ойлау ерекшелігі

5.2. Орындау эстетикасы

5.3. Басқа адамның және интернет желісінен алынған материалдарды қолданбағандығы.

5.4. Жазылу ерекшелігі мен шеберлігі

Қорытынды:

Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі.. Жеңімпаз жұмыстар www.эрудит.kz порталында жарияланады.

Қосымша сауалдар үшін: Портал әдіскері Тәжеке Жадыраханым  87718214657, whatapp 87475105009

Ескерту:Қосымша сауалдар мен басқа мәселелер бойынша сағат 09:00 дан 18:00 ге дейін хабарласа аласыздар.

Қосымша 1

Халықаралық қашықтықтан өткізілген байқауға сұраныс жолдау парағы

1

Аты-жөні (толық)


2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы


3

Қызмет орны (лауазымы)


4

Байланыс телефондары


5

Электрондық поштасы (e-mail)



Комментарии 13

Отиниш келеси болатын байкауларды эл.поштама жиберип отврсаныздар.
Салеметсіздер ме, бүгінгі тестке қалай қатыса аламыз жауап күтеміз
Евгения 12 қазан 2018 20:43
Добрый день, команде которая занимается этим конкурсом. Я очень сильно возмущена, переводом правила. На казахском языке четко и правильно изложена информация, а на русском полный хаус дают. Пример:Ұстаздық жолымдағы ұлы белес - вообще переводиться: Величайший путь моего учителя, а его перевели :Преподавании Великой сделки по моему обучению. Вопрос: Какую и с кем, да и кто заключил ту самую сделку. Что за абсурд. Делайте пожалуйста перевод более четким и граммотным, что бы его можно было воспринимать
Келесі өтетін байқаулар жөнінде ақпарат хабарламаны почтама жіберіп отырсаңыз өтініш мына байқаудан кешігіп қалыппын.
сайыстар,байқаулар болса жіберіп тұрсаңыздар.Жарнапұлы қолжетімді екен.Алдын ала рахмет!
Кап Естай 16 қазан 2018 12:43
Мен былтыр "Білім үздігі" сайысына қатысып, 2-кезеңге өткенмін. Тесті де тапсырдым. бірақ одан кейінгі 2-кезең туралы айтпадыңыздар. Қашан болады? Резултат шықса қатысқанымыз үшін не грамота бермедіңіздерю Жауап болса. Алдына ала рахмет
Салематсыз ба!Байқаулар туралы хабарларды менің почтама жібересіздер ма! Мына байқаудан қалып қойдым.Алдын ала РАХМЕТ!
саламатсызба акшаны кайда төлеу керекпін
Ғалия 31 қазан 2018 16:49
келеси педстарт отетин кезде почтама тел или вацапка хабар жиберуинизди сураймын катысам деген мугалимдер бар еди и
Жұлдыз 4 қараша 2018 12:12
Байқауға қатысқым келеді.
Байқауға қатысқым келеді. Жолын айтасыз ба?
Дәл осындай байқау енді қашан болады? Біз үлгермей қалдық.
Асель 27 қараша 2018 23:39
Осы байқаудың келесі туры болғанда почтама хабарлама жіберуіңізді өтінемін

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз