Республикалық оқушыларға арналған байқаулар «Кел балалар оқылық!» атты шығармашылық байқауына қатысуға шақырамыз

«Эрудит» Интеллектуалды білім сайты

 

Республикалық оқушыларға арналған байқаулар

«Кел балалар оқылық!» атты шығармашылық байқауының ережесі

 

 

Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары.

Қатысушы өтінімдерін қабылдау мерзімі: 28  ақпанға  дейін 2019 жыл.

Қорытынды уақыты: 4  наурыз  2019 жыл 

1.  «Кел балалар оқылық!» атты байқауының мақсаты және міндеттері:

* Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің  өмірімен , шығармашылығымен оқушыларды таныстыру;

* Ыбырай Алтынсариннің  еңбектері туралы білімдерін одан әрі шыңдау,танымдық көзқарастары  мен шығармашылық ізденістерін дамыту;

2. Байқауға қатысушылар


2.1. Байқауға келесі жас санаттағы қатысушылар қатыса алады

*   Бірінші жас санаты ; 6-9,

*   Екінші жас санаты; 10-14,

* Үшінші жас санаты; 15-19 жас (колледж,жоғары оқу орындары студенттері).

2.2. Байқауға жаопы орта,лицей, гимназия және колледж мұғалімдері қатыса алады.            

3. Байқау номинациялары

I. «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар…» номинациясы (қатысушы өлең жолдарын, шығарма жазып жолдайды)

II. «Балалар әдебиетінің атасы - Ыбырай Алтынсарин» мұғалімдерге арналған презентациясы.

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар;

  • Әдістемелер мен технологиялардың оқу үдерісіндегі нәтижелілігі ,
  • Жаңашылдығы,креативтілігі;
  • Қолданылатын инновациялық технологиялардың өзектілілігі;

Презентация  Microsoft  Word    форматында  жазылады,  қарпі-Times  New  Roman;  кегль-14; сол жағынан - 3 см; оң жағы, жоғарғы және төменгі жағы – 2 см. Презентация көлемі 30 беттен аспауы шарт.Бірінші бетінде жұмыстың атауы, қатысушының аты – жөні , толығымен көрсетілген жұмыс орнының атауы, қаласы көрсетілуі шарт.

III. «Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға» номинациясы  ( оқушылардың көркемсуреттері мен қолөнер жұмыстары қабылданады)

IV. «Дала жұлдызы - Ыбырай Алтынсарин» номинациясы ( сыныптан тыс апталық жұмыстар, тәрбие сағаттары).

Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар;

  • Жұмыстың мазмұндылығы
  • Номинацияға сәйкестігі

4.Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері;

  • Байқаудың тақырыбы мен номинациясына сәйкестігі
  • Жаңашылдығы,креативтілігі;
  • Мазмұндылығы, тәрбиенің бағыты
  • Қолданылатын инновациялық педагогикалық технологиялардың өзектілілігі;
  • Презентацияның мазмұнға сәйкестігі
  • Сауаттылығы

4. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

 Байқау жұмыстары  2019 жылдың 10 ақпанынан бастап 28  ақпанға дейін қабылданады. Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды.

Қорытынды:

       Қатысушылар жүлделі орындармен  марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Әрбір қатысушы жетекші мұғалімімен қоса мадақталады.

Қосымша сұрақтар мен ақпараттар үшін: +7(727) 389-94-26; +7 707 177 71 08; 8702 312 00 97; 8705 431 47 63

 

Қосымша 

Республикалық  байқауға қатысуға сұраныс

р/с

Аты-жөні

жетекшісі

Мекен-жайы, телефоны

Байқау атауы

1

Ахметова Лаура

Амирова Гүлнар

Алматы қаласы, №65 орта мектеп

87785452145

 

Комментарии 1

Райхан 20 ақпан 2019 09:02
қатысу жарнасы қандай? Әлде тегін ба

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз