«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы Қорының
“Үздік қазақ тілді интернет - сайт сыйлығы” байқауында “Білім бұлағы”
аталымының жеңімпазы атанған «Эрудит» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен педагогтар арасында өтетеін
Республикалық педагогтар байқаулары
А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т
Құрметті ұстаздар!
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф,
фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің (1841—1889) 180 жылдығына орай
ұйымдастырылған «Білім үздігі - 2022 » атты білім саласы қызметкерлерінің
республикалық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Бағыты: білім беру
Қатысушылар:Колледж, мектеп мұғалімдері, балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілері
Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 1 қазанынан 30 қарашаға дейін
Қорытынды уақыты: жұмыс қабылданғаннан кейін 5-7 жұмыс күн ішінде
Ұйымдастырушы: «Эрудит» интеллектуалды білім сайты
Байқау түрлері мен тапсырмалары:
1.«Үздік сабақ жоспары» байқауы (қатысушы педагог өзінің өткен сабақ жоспарын жолдауы шарт),
2. «Ең үздік баяндама» байқауы (қатысушы педагог өзін толғандыратын тақырыпта жазған баяндамасын жолдайды.)
3. «Ең үздік мектеп» байқауы (бұл номинация бойынша ұжым жетістіктері мен мектепке берілген жоғары бағалар сарапталады. Қатысушы өз мектебінің жетістіктерін жазып жолдайды. Қосымша мектеп фотолары болуы шарт.)
4. «Ең үздік сынып жетекші» байқауы (қатысушы мұғалім өзі жетекшілік ететін сыныбымен суретке түсіп, шәкірттерінің жетістіктерін жолдайды.)
5. «Үздік директор – біздің көшбасшы» байқауы (қатысушы педагог өз мектебінің басшысының артықшылықтары мен жетістіктері жөнінде эссе жазып жолдайды.)
6. «Үздік меңгеруші» байқауы (қатысушы педагог өз балабақша басшысының артықшылықтары мен жетістіктері жөнінде эссе жазып жолдайды.)
7. «Ең үздік балабақша» байқауы (қатысушы өзі қызмет ететін балабақшаның жай-күйі мен жетістіктерін қағаз бетіне түсіріп, ұжым суреттерін қоса жолдайды.)
8. «Ең үздік тәрбиеші» байқауы (қатысушы педагог өзінің және топтың жетістіктері жөнінде эссе жазып жолдайды.)
9. «Үздік психолог» байқауы (қатысушы педагог өзін толғандыратын тақырыпта жазған баяндамасын жолдайды.)
10. «Үздік логопед» байқауы (қатысушы педагог өзін толғандыратын тақырыпта жазған баяндамасын жолдайды.)
11. «Үздік кітапханашы» байқауы (қатысушы педагог өзін толғандыратын тақырыпта жазған баяндамасын жолдайды.)
12. «Үздік дене шынықтыру мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің және шәкірттерінің жетістіктерін жолдайды.)
13. «Үздік көркем еңбек пәнінің мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің және шәкірттерінің жетістіктерін жолдайды.)
14. «Үздік тарих пәнінің мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің өткен сабақ жоспарын жолдауы шарт),
15. «Үздік информатика пәнінің мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің өткен сабақ жоспарын жолдауы шарт),
16. «Үздік биология пәнінің мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің өткен сабақ жоспарын жолдауы шарт),
17. «Үздік химия пәнінің мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің өткен сабақ жоспарын жолдауы шарт),
18. «Үздік ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің өткен сабақ жоспарын жолдауы шарт),
19. «Үздік қазақ тілі пәнінің мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің өткен сабақ жоспарын жолдауы шарт),
20. «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің өткен сабақ жоспарын жолдауы шарт),
21. «Үздік орыс тілі пәнінің мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің өткен сабақ жоспарын жолдауы шарт),
22. «Үздік физика пәнінің мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің өткен сабақ жоспарын жолдауы шарт),
23. «Үздік тарих пәнінің мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің өткен сабақ жоспарын жолдауы шарт),
24. «Үздік алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі» байқауы (қатысушы педагог өзінің өткен сабақ жоспарын жолдауы шарт)
2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
2.1. Байқау жұмыстары 2022 жылдың 1 қазанынан 30 қарашаға дейін
қабылданады. Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды.
2.2. Байқауға қатысу үшін 500 (бес жүз) теңге төлем ақысы төленеді.
Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей жұмыстарын жіберуі керек.
Қатысушы жарна төленген түбіртек көшірмесін eruditkaz@mail.ru почтасына байқау жұмыстарымен қосып жолдауы тиіс.
3. Бағалау өлшемдері
Ойлау ерекшелігі,
Орындау эстетикасы,
Ақпарат шынайылығы т.б
Қорытынды:
Жеңімпаз атанған педагогтар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады, орын алмаған педагогтарға алғыс хаттар беріледі.
Қосымша сауалдар үшін: 8707 177 71 08
Комментарии 1