«Ертегілер елінде» атты Республикалық оқушылар байқауы

Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы Қорының

“Үздік қазақ тілді интернет - сайт сыйлығы” байқауында “Білім бұлағы”

аталымының жеңімпазы атанған «Эрудит» интеллектуалды білім  сайтының  ұйымдастыруымен оқушылар арасында өтетеін

«Ертегілер елінде» атты Республикалық оқушылар байқауы

 

Пәні: жалпы пәндер

Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары және бала бақша тәрбиеленушілері

Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімі: ағымдағы жылдың 1 қазаннан бастап 30 қазанға   дейін

Қорытынды уақыты: жұмысты жіберген уақыттан 1 апта көлемінде

Ұйымдастырушылар: Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы

 

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

Оқушыларды сауатты, мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру. Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулиды

- Жазу нақтылыққа баулиды;

- Ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттыру;

- Бала мінезінің тұрақтылығын, ұстамдылығын қалыптастыра отырып, бастаған ісін аяқтай білу, өзіндік шығармашылығын дамытады.

Тапсырма. Байқауға қатысушы оқушы әжесінің немесе ата-анасының айтқан ертегісін  бізге жолдауы шарт.

Әрбір қатысушы өз жұмысымен қоса, өзінің толық аты- жөнін, мекен-жайын және жетекші мұғалімінің аты-жөнін, байланыс номерін қоса жолдауы керек. 

Егер бір сыныптан бірнеше оқушы қатысатын болса, арнайы тізім жасап бір құжатпен жолдауы тиіс!

Байқауға қатысуға қойылатын талаптар:

Әрбір қатысушы байқауға қатысу жарнасын төлеу керек . (байқау жарнасы әр қатысушыға 300 теңге)

 Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей жұмыстарын жіберуі керек.

Қатысушы жарна төленген түбіртек көшірмесін n_ortalyk@mail.ru  почтасына жолдауы тиіс.

Бағалау:

Ойдың жүйелі және шынайылығы, көркемдігі болуы,

Бағалау жүйесі қатысушылар деңгейіне байланысты екі жүйеде жүргізіледі.  1-5 сынып оқушылары бір бөлек, 6-11 сынып оқушылары бір бөлек бағаланады.

Қорытынды:

Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Әрбір қатысушы жетекші мұғалімімен қоса мадақталады. 

Қосымша сауалдар үшін: 8707 177 71 08

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз