Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы Қорының
“Үздік қазақ тілді интернет - сайт сыйлығы” байқауында “Білім бұлағы”
аталымының жеңімпазы атанған «Эрудит» интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өтетеін
Республикалық оқушылар байқаулары
А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т
«Суретші болғым келеді» Республикалық жас суретшілер байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Пәні: жалпы пәндер
Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары, колледж студенттері мен балабақша тәрбиеленушілері
Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 15 сәуірге дейін
Қорытынды уақыты: жұмыс қабылданғаннан кейін 3-5 жұмыс күн ішінде
Ұйымдастырушылар: Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы. «Эрудит» интеллектуалды білім сайты, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 2/76 үй, "JBS Sayahat" Б.О, 9 қабат, 922 кабинет. 8707 177 71 08
Байқаудың мақсаты және міндеттері
1.1. Байқаудың мақсаты:
vБілім алушыларды шығармашылық әрекетке тарту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарға ынталандыру.
- Міндеттері:
vБалаларда шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу;
vОқушылардың эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру.
2. Байқау түрлері мен тапсырмалары:
2.1. «Суретші болғым келеді» байқауы
Байқауға қатысу үшін оқушы еркін тақырыпта сурет салып жолдауы тиіс. Сурет А4 немесе А3 форматында болуы тиіс. Суретті сканерлеп немесе суретке түсіріп жібереді.
3. Байқауға қатысушылар
3.1. Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің 18 жасқа дейінгі білім алушылары қатыса алады.
vБірінші жас санаты: 3-5 жас;
vЕкінші жас санаты: 6-9 жас;
vҮшінші жас санаты: 10-14 жас;
vТөртінші жас санаты: 15-18 жас.
4. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
4.1. Байқау жұмыстары 2023 жылдың 15 сәуірге дейін қабылданады. Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды.
4.2. Байқауға қатысу үшін 300 (үш жүз) теңге көлемінде жарнапұл төленеді.
4.3. Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей жұмыстарын жіберуі керек.
4.4. Қатысушы жарна төленген түбіртек көшірмесін eruditkaz@mail.ru почтасына байқау жұмыстарымен қосып жолдауы тиіс.
5. Бағалау өлшемдері
5.1. Ойлау ерекшелігі
5.2. Орындау эстетикасы
5.3. Түстерді жарасымды қолдану, бейне, композициясы,
5.4. Суреттің түпнұсқалығы
Қорытынды:
Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Әрбір қатысушы жетекші мұғалімімен қоса мадақталады.
Қосымша сауалдар үшін: 8707 177 71 08
Жарнапұл төлеуге арналған банк реквизиттері:
4400 4301 4639 3977 Kaspi Gold картасы
ИИН: 860116402507
киви кошелек 8705 274 05 25
Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін eruditkaz@mail.ru почтасына жолдауы керек
Қосымша 1
Республикалық байқауға қатысуға сұраныс
р/с | Аты-жөні | Жетекшісі | Мектебі, сыныбы, жетекшісінің телефон № | Байқау атауы |
1 | Досымбекова Азиза | Кайратова Адина | Суретші болғым келеді |