Білім саласы қызметкерлеріне арналған «Мәңгілік ел ұстаздары – білім және ғылыми интеграциясының негізі» республикалық форумына шақырады

       Бекітемін

          Халықаралық ғылым мен білімді  

          қолдау орталығының директоры 

      __________Жолтаева Н.Ә.

                                                                «___»____________2017 ж.

 

  

Білім саласы қызметкерлеріне арналған 

 «Мәңгілік ел ұстаздары – білім және ғылыми интеграциясының негізі»

 республикалық  форумы туралы

ЕРЕЖЕ

 

  • Жалпы ережелер

1.1 Берілген ереже жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен колледж оқытушыларына арналған  «Мәңгілік ел ұстаздары – білім және ғылыми интеграциясының негізі»  республикалық  форумын өткізу мақсаты мен міндеттерін, тәртібін белгілейді.

1.2. Ісшараның ұйымдастырушылары  - Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы; Эрудит – интеллектуалды білім порталы.

1.3. Форум мұғалімдер арасында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасуға бағытталады.

 

 

  • 2. Ісшараның мақсаты мен міндеттері
  •  

2.1. Ісшараның мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында патриоттық тәрбиемен қатар оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігін анықтау және жаңа форматтағы оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу.

2.2. Ісшараның міндеттері:

- Колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жасау үшін кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, ынталандыру;

- Үздік мұғалімдердің жаңартылған білім беру жағдайында сабақты ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен алмасу үшін жағдай жасау.

 

Ісшараның жұмыс тілі: қазақ, орыс.

 

  • 3. Қатысушылардың категориясы
  •  

Ісшараға жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары қатысады (Өтінім – 1 қосымша).

  •  
  • 4. Өткізу мерзімі
  •  

Форум ісшараның бағдарламасына сай 2017 жылдың 18 наурыз күні өткізіледі.

 

  • 5. Өткізу тәртібі
  •  

5.1. Форумға қатысушылар Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының мамандарымен байланысып алдын ала тіркелуі қажет. (Қосымша 1).

5.2. І бөлім.  «Жаңартылған білім беру бағдарламасы:  тәжірибе және практика». 

Бөлім тұжырымдамасы: білім беру үрдісінде жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асырудағы тәжірибелерін ұсыну. ЖОО ғалымдары тәжірибе бөліседі.

(Шығып сөйлегісі келген қатысушы мұғалім   баяндама жасайды, ұзақтығы - 5 мин.).

5.3. ІІ бөлім.  «Мұғалім мәртебесін көтеру-ортақ іс»

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы мен «Эрудит» - интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау. ( «Білім үздігі», «Ғ.Мүсірепов атындағы пәндік олимпиада», «Әлем менің көзіммен» суретшілер байқауы, «Мәншүк Мәметова» атындағы шаралар, ҚР Рәміздерінің мерейтойына арналған байқаулар т.б). Үздік білім саласы қызметкерлерін Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының жоғары дәрежелі төсбелгілерімен марапаттау.

Шара барысында Қазақстан Педагогтар Одағына білікті ұстаздарды қабылдау рәсімі өтеді.

 5.4. ІІІ бөлім.  «Ару қала - Алматы» 

Форумға қатысушыларды шаһар тарихымен таныстыру. Алматы қаласының ең көрікті жердеріне саяхат жасау. Естелік суреттерге түсу.

28Гвардияшы Панфиловшылар паркі - Ғабит Мүсірепов атындағы мұражай – Тұңғыш Президент саябағы – Орталық алаң – ҚР мемлекеттік Орталық мұражайы – Көктөбе.



 

6. Форумға қатысу үшін қойылатын талаптар:

* Қатысушы білім саласының қызметкері болуы шарт;

* Өтінім қағазын қатесіз толтыруы керек. Форумға қатысушылар арнайы дипломдар мен сертификаттармен марапатталады.

* Қатысу жарнасы:   Қатысушы ретінде 15000 (онбес мың)теңге;

                      Төсбелгімен  марапат алу үшін 25000 (жиырма бес мың)       теңге

Форумға қатысуға өтінім берген мұғалімдерге алдын-ала қызмет орнына шақырту хат жіберіледі. 

 

Қосымша сауалдар үшін:  Әдіскерлер:  8705 431 47 63;  8778 858 82 32;

 8702 312 00 97;  8707 811 89 33

Форумға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған банк реквизиттері:

ИИН: 770620303470

6762 0035 1057 9062 «Народный Банк Казахстана»

Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін n_ortalyk@mail.ru почтасына жолдауы керек.

 

 

 

 

 

 

 



 

1 қосымша

 

Білім саласы қызметкерлеріне арналған 

 «Мәңгілік ел ұстаздары – білім және ғылыми интеграциясының негізі»

атты  Республикалық  форумға қатысу туралы

ӨТІНІМ 

 

Қатысушының жұмыс орны (қала, мектеп),(қысқартусыз)


Қатысушының аты-жөні, тегі (қысқартусыз, куәлікте көрсетілгендей)


Лауазымы 


Мамандығы


Педагогикалық қызмет өтілі


Пошталық адресі 

(индексті көрсету)


Телефон, факс, электронды адрес,

ұялы телефон (міндетті)


 


Қатысу жарнасы


Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз