«ЖАС ҒАЛЫМ - 2017» Мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмыстардың І республикалық байқауына шақырамыз!

 «ЖАС ҒАЛЫМ - 2017»

Мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмыстардың 

І республикалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

 
  • Жалпы ережелер
  • Мектеп оқушылары арасындағы ғылыми жұмыстар байқауы (бұдан әрі – Байқау) – Қазақстан Республикасы рәміздерінің 25 жылдығы аясында өткізілетін республикалық шара.

Мақсаты: мектеп оқушыларының ғылымға деген қызығушылығын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Жастардың  ғылымға деген ынтасын арттыру;
  • Дарынды жас оқушыларды табу әрі қолдау;
  • Жас ғалымдардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру;
  • Республикалық байқауды ұйымдастырушылар:
  • «Эрудит» - интеллектуалды білім порталы;
  • Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы.

2.Байқауға қатысушылар

2.1 Байқауға  Қазақстан Республикасы бойынша жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатыса алады. 3-11 сынып оқушылары жетекшілерімен бірге байқауға үміткер бола алады.

3. Байқауды өткізу тәртібі

3.1 Байқау 1 кезеңнен тұрады.

3.2 Байқау қашықтықтан өткізіледі.

3.3 Республикалық байқауға ұсынылған жобаларды бағалау үшін ұйымдастырушылар Байқау комиссиясын құрады;

Байқау комиссиясы:

-Жоғары оқу орындарының әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің профессорлық-оқытушы құрамынан, ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінен құралады;

-Мүшелерінің құрамы және саны ұйымдастырушылармен анықталады;

3.4  Республикалық байқауға қатысушы әр үміткер 1 ғана жоба ұсына алады. Ғылыми жобалар осы Ережеде көрсетілген бағыттар аясында ұсынылады. Байқауға (құрамы 2 адамнан аспайтын) бірлескен авторлар да қатыса алады.

3.5 Байқауға жобалар электронды почтаға (eruditkaz@mail.ru) жіберу арқылы қабылданады.

3.6 Республикалық байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Қатысушылар мен жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.

3.7  Республикалық байқау кезеңінде үздік жобалардың тезистері арнайы жинаққа енгізіліп, басылады. Үздік жобалардың нәтижелері ғылыми басылымдарға ұсынылады. Жинақ жарнасы – 4000 (төрт мың) теңге.

4. Байқаудың бағыттары:

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар 5 бағыттан, 17 секциядан тұрады:

І  Бағыты  «Ғылыми – техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны».
Секциялар:
Физика
Техника
Жер және Космос туралы ғылымдар

ІІ Бағыты: «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»
Секциялар:
Математика
Қолданбалы математика
Информатика
Экономика

ІІІ Бағыты: «Таза табиғи орта – адам дамуының негізі»
Секциялар:
Химия
Биология
Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау

ІV Бағыты: «Қазақстан тарихи ескерткіштері және шығармашылық тұлға негізі»
Секциялар:
Тарих
Өлкетану
Этномәдениеттану

VБағыты:  Тіл білімі және әдебиеттану мәселелері

Секциялар:

Тілтану / Языкознание

Әдебиет / Литература

Ағылшын тілі/Английский язык

5. Байқауға ұсынылатын жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Ол бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:

5.1 Ғылыми жобада:

- бет парақ;

- мазмұны;

- кіріспе;

-теориялық бөлімі;

- зерттеу бөлімі;

- қорытынды;

-пайдаланған әдебиеттер тізімі;

-қосымша (егер қажет болса) болу керек.

       Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.

5.2. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі:

- аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде (міндетті емес);

- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;

- зерттеу күнделігі;

- тезисі (3 беттен аспайтын қысқаша жұмыстың мазмұны).

5.3. Бет парақты рәсімдеу. (үлгіден қараңыз).

 

5.4. Мазмұны бар беттерді ресімдеу:

а) беттің жоғары бөлігінде «Тарау» (немесе «Мазмұны») деген сөз көрсетіледі;

ә)мазмұнда ғылыми жоба бөлімдерінің реттілігі көрсетіледі:

Кіріспе;

1 тарау (1.1., 1.2., 1.3. деп нөмірленетін бірнеше тармақшалары болады);

2 тарау (2.1, 2.2., 2.3. тармақшалары);

3 тарау да болуы мүмкін (тиісті тармақшалары);

Қорытынды;

Әдебиеттер тізімі;

Қосымша (егер бар болса).

б) мазмұнның әр тармағына қарсы, оң жақта осы тармаққа сәйкес араб санымен бет нөмірі қойылады;

в) бет нөмірі 3- ші беттен басталатын кіріспе бөлімінен басталады. (1-ші бет- бет парақ- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі, 2-ші бет- мазмұны- нөмірленбейді, бірақ ескеріледі).

5.5 Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.

Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі;

Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді;

Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.

5.6. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.

Мәтін компьютерде терілу керек.

Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см,  жоғары – 2 см,  төменгі – 2 см.

әріп- Times New Roman   KZ Times New Roman   14 кегль;

абзац болу керек;

жол арақашықтығы- бірқатарлы;

кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;

тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;

ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы  майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.

Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,

Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).

Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;

Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;

Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:

           автордың тегі, аты- жөні,

           мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),

           журнал және кітап атауы

           шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),

           шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.

әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;

қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.

5.7. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.

Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:

зерттеу мақсаты, тапсырмалары;

зерттеу объектісі, заты

гипотезасы

зерттеу кезеңдері , процедурасы;

эксперимент әдісі;

зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;

жұмыс нәтижелері және қорытынды;

нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.

 

5.8. Жетекшінің пікірі.

          Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.

5.9 Қосымша байланыстар

Байқау жұмыстарын үйлестіруші мамандар: Сәуле Отарбаева: 8 778 858 82 32

Әсел Сейткалиева: 8 707 811 89 33; 8 702 312 00 97; 8 705 431 47 63

Электронды почта: eruditkaz@mail.ru

Портал сайты: www.эрудит.kz

Мекен-жайы: Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы., Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Н.В.Гоголь көшесі, 39 үй,  "Агентства Барьер" бизнес орталығы, 2 қабат, 220 кабинет. +7(727) 389-94-26; 

8707 811 89 33; 8702 312 00 97

 

Қорытынды: Республикалық ғылыми жобалар байқауына құжаттар 6 ақпаннан бастап, 13 наурызға дейін қабылданады.

Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Әрбір қатысушы жетекші мұғалімімен қоса мадақталады.  Жеңімпаз жұмыстар www.эрудит.kz Интеллектуалды  білім порталында жарияланады.

Республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысу үшін бір реттік жарнапұл төленеді.

Қатысу жарнасы: 2000 (екі мың) теңге

 

Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған банк реквизиттері:

ИИН: 770620303470

6762 0035 1057 9062 «Народный Банк Казахстана»

Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін eruditkaz@mail.ru почтасына жолдауы керек.

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Алматы қаласы

Бағыты:

Секциясы:

Тақырыбы:

Авторы: (аты-жөні толығымен, сыныбы,

мектебі, қаласы)

Жетекшісі: (аты-жөні толығымен, пәні,

мектебі, қаласы)

Кеңесшісі: (аты-жөні толығымен, дәрежесі,

оқу орны, қаласы)

2017 жыл

 

Күнделіктің бет парағы былай толтырылады:

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ

Зерттеу тақырыбы_______________________________

Оқушының Т. А.________________________________

Мектеп, сынып _________________________________

Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А _____________________

Сондай-ақ бет парақта мектеп мөрі мен директордың қолы болу керек. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:

Жұмыс мазмұны

Зерттеу әдістері

Ескерту





            Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.

4. Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу.

№1 қосымша

Байқауға ұсынылған ғылыми жұмысты

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

 

Өлшемдер

Ең жоғарғы ұпай

Бағалау негіздемесі

Тақырыптың өзектілігі

10


Ғылыми жаңалығы

10


Қойылған міндеттердің шешімділігі

10


Материалдың толықтығы және логикалық байланысы

10


Алынған нәтижелердің теориялық маңызы. Ғылыми жұмыс әдіснамасының тиімділігі

10


Алынған нәтижелердің  тәжірибелік маңызы

10


Қорытынды ұпай

60


Комиссия Төрағасы ..................... (толық аты-жөні, лауазымы, ғылыми атағы)

Комиссия мүшелері: ..................   (толық аты-жөні, лауазымы, ғылыми атағы)                     

                                    .................... (толық аты-жөні, лауазымы, ғылыми атағы)

                                    .................... (толық аты-жөні, лауазымы, ғылыми атағы)

                                    .................... (толық аты-жөні, лауазымы, ғылыми атағы)

Комментарии 2

Диплом,алғыс хаттарды қалай аламыз?
Анесов Гани 27 наурыз 2017 14:58
Мынау не болып кетти байкаудын откенине уже каншама кун болды. Окушыларымыздан уят болды дипломдарын кашан алады. Берилмейтин болса оны хабарланыздар. Мейрамнан кейин, дуйсемби куни деп али келе жатырсыздар.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз