«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕР» атты Республикалық қашықтық ғылыми-практикалық конференциясы

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы

А Қ П А Р А Т Т Ы Қ     Х А Т

  

Құрметті әріптестер!

 

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы Жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына  орай «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕР» атты Республикалық  қашықтық ғылыми-практикалық конференциясына шақырады.

 

Конференцияның мақсаты: Көркем әдебиет педагогика саласындағы ғылыми еңбектердің маңыздылығын дәріптеу. Жазушы Мұхтар Әуезов шығармашылығын насихаттау. Елге деген құрмет сезімін ояту, өз елінің өткенін мақтан тұтуға үйрету. Патриоттық  және рухани тәрбие беру жолында еліміздің  жазушыларының еңбек істерін үлгі ету.

 

Конференцияның міндеттері:

 

- Білім беру жүйесіндегі озық педагогикалық идеяларды насихаттау;

 

- Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған озық  іс-тәжірибелерді көрсету.

 

- Заманауи білім жүйесіне негізделген сабақ жоспарларын жинақтап баспадан шығару.

 

Конференция жұмысына қатысушылар: ЖОО-ның оқытушылары, білім беру институтының қызметкерлері, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының педагог  мамандары.

 

Конференцияға мақалалар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

 

Конференцияға қатысу өтініштері мен мақала мәтіндері 2017 жылдың                                                                            20 сәуірге дейін қабылданады. Конференция материалдарының жинағы шығарылады. Конференция материалдары  www.эрудит.kz сайтында жарияланады.    Қашықтықтан өткізілетін конференция жұмысына мақала жіберген педагогтарға арнайы диплом беріледі. 20 адамнан жоғары қатыстырған, ұйымдастыруға атсалысқан мұғалім Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығыны тағайындаған төсбелгімен (медаль) марапатталады. Конференцияға жіберілген материалдар арнайы электронды оқулық ретінде жарық көреді.  Мақала жариялау жарнасы - 3000 теңге.

 

Ұйымдастыру алқасының  мекен-жайы: Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы., Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Н.В.Гоголь көшесі, 39 үй,  "Агентства Барьер" бизнес орталығы, 2 қабат, 220 кабинет.

 

                                            Байланыс телефондары:        

 

    +7 (727) 389 94 26; 8707 811 89 33; 8707 177 71 08

 

Электрондық пошта:  n_ortalyk@mail.ru 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қосымша 1

 

 

 

Жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына  орай «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕР» атты Республикалық  қашықтық ғылыми-практикалық конференциясына мақала жолдау парағы

 

 

 

1

Аты-жөні (толық)

 


2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы


3

Қызмет орны (лауазымы)


4

Мақала тақырыбы


5

Мекен-жайы (индекспен)


6

Байланыс телефондары


7

Электрондық поштасы (e-mail)





         

Қосымша 2

  

Конференция материалдарын ресімдеуге қойылатын техникалық талаптар:

 

 

 

Баяндама (мақала, ашық сабақ т.б) мәтіні 5 парақтан аспауы қажет және тіркеу формасы Word мәтіндік редакторы бойынша жазылу керек:

 

Суреттер *jpg немесе gif форматта кескінделуі қажет.

 

Бет параметрлері: сол жағы – 3 см., оң жағы 1,5 см., жоғары және төменнен 2 см

 

Шрифт: Times New Roman (кегль 12)

 

Жолдарының арасы 1 интервал

 

Азат жолдың басталуы 1,25 см

 

Мақала атауы майлы бояумен ортаға жазылады.

 

Одан төмен автордың толық аты-жөні, қала, мекеме атауы және қызметі ортаға жазылады;

 

Мақала парақтары нөмірленбейді.

 

Ұйымдастыру  алқасы  мақалалар мазмұнына жауап бермейді.

 

Материалдар n_ortalyk@mail.ru электрондық поштасына қосымша тіркеме файлдар түрінде  (файл атауы,  автордың аты- жөні, материал тақырыбымен)  жолдануы  керек.

    

Конференцияға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған банк реквизиттері:

 

ИИН: 770620303470

 

6762 0035 1057 9062 «Народный Банк Казахстана»

 

Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін құжаттарымен қосып n_ortalyk@mail.ru почтасына жолдауы керек.

       

Комментарии 1

Салематсыздарма мен «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ: ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ШЕШІМДЕР» атты Республикалық қашықтық ғылыми-практикалық конференциясына катысуга толенетин жарнапул канша болады екен Жане макаланы жариялауга болек. толеуимиз кажет пе? Рахмет

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз