Сабақтың тақырыбы: Денсаулығым-байлығым. Байлық пен ақыл. Ертегі. | Мұғалімнің аты-жөні: Орысбаева.Ж Күні: 12.01.2018ж | |||||||
Сынып: 2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | ||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.1.2.1- шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, ойын арқылы танымдық қабілетін дамыту 2.2.1.2 - шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу 2.3.3.1 - шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сахна,сәйкестендіру, мақалдың жалғасын тап, сурет арқылы ұсыну | |||||||
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды.Кейіпкерлерге сипаттама береді. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. | |||||||
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | |||||||
Ресурстар | Оқулық, суреттер, түрлі түсті карандаштар,сахналық киімдер,топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | |||||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | |||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, көркем еңбек,математика,өзін-өзі тану | |||||||
Сабақтың жоспары | ||||||||
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері | ||||||
Басталуы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі Кеспе қағаздарға жазылған сөздерді алу арқылы топтарға бөлінеді. 3.«Қызығушылықтарын ояту» Балалар,мен бүгінгі сабағымды ойын арқылы бастағым келіп отыр «Асық» ойыны Менің қолымдағы не? (асық) Асық ойыны - қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі ептілікке баулиды.Осы асықтағы сөздерді орын-орындарына қойсаңдар нақыл сөздер шығады. 1-топ: кепілі, -, денсаулық, спорт 2-топ:байлық, зор,-, денсаулық 3-топ: арқауы,-, ас, адамның 4топ: боларсың,шымыр,шынықсаң М.Дулатовтың «Байлық» әңгімесіндегі негізгі ойды беретін нақыл сөздерді ата | 1-топ: талап 2-топ: еңбек 3-топ: ақыл 4-топ:бақыт Бір-бірін бас бармақ арқылы бағалау Спорт денсаулық кепілі Денсаулық-зор байлық Ас-адамның арқауы Шынықсаң шымыр боларсың | ||||||
Жаңа білім 30 минут | 4.Ой қозғау Байлық дегеніміз не? Ақыл дегеніміз не? -Олай болса бүгін біз «Байлық пен ақыл» деп аталатын ертегімен танысамыз. Ертегіден біз өз халқымыздың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын білеміз. Онда шыншыл оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Ал ертегілер қалай басталады? «Байлық пен ақыл» ертегісі оқылады «Ойлан, жұптас, талқыла» Талап тобы: Берілген суреттердің қай кейіпкерге қатысты екенін тап.
Еңбек тобы: Ертегіден кенже ұлдың жауабын тауып оқы. Осы кейіпкерге қатысты қандай сурет салар едің? Ақыл тобы: Көп ақша жинадық делік, ол ақшаны қайда жұмсар едің? (Қ.Р.валюта күні қай күн?)1993 15.11 Бақыт: Мұрагер сөзіне қалай түсінесің? (Қазақ халқы не үшін ұл туса қуанған?) Дәптермен жұмыс Мұрагер-иесі қайтыс болған соң,мал-мүліктің мұрагері болу немесе мұраны алуға құқысының болуы Мәтін бойынша «Сиқырлы қорапша» ойыны. Ойынның шарты: Оқушылар мәтінді іштей жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс. Енді әр топ мәтін бойынша екі сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс Шығармашылық жұмыс Талап: Ертегіні сахналау Еңбек: Кейіпкерлердің сөздерін сәйкестендіру Ақыл: Жалғасын тап. Еңбек етсең ерінбей ------- ------ ------- Еңбек туралы мақал жаз Бақыт: Ертегі бойынша сурет салу 5. Бекіту кезеңі: Осы ертегіні оқи отырып көңілімізге не түйдік? Оны қазір біз «Бәйге» ойыны арқылы білеміз. 30 40 20 20 50 30 10 60 10 10. Ертегі кім туралы? Кейіпкерлерін ата. 10. Әкесі ұлдарына қандай тапсырма берді? 20.Мәтіннен екінші ұлының сөзін тауып оқып бер. 20. Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген жоқ. Қай ұлының сөзі 30. Қай ұлының жауабы ұнады? Неге? 30. Қарт мұрагерін дұрыс таңдай алды ма? 40. Шалдың ұлдарына мінездеме бер 50. Егер сен қарттың орнында болсаң не істер едің? Неге? 60. Егер сен осы ұлдардың бірі болсаң не айтар едің? Әр топтың алған ұпай санын анықтау. Енді қандай қорытындыға келдік, бай болған жақсы ма, әлде ақылды болған жақсы ма? (балалардың жауабы) Кейіпкерлерді сипаттау «Шашу шашу» ойыны (Кәмпит қабығына терең ой,қанағат,рахым,мақтаншақ,еңбек,талап,бекер мал шашпақ,өтірік,өсек,еріншек сөздерін жазып орап балаларға шашу) Бұл сөздер кімнің өлеңінде кездесті? Еске түсіру
| Смайлик арқылы бағалау Смайлик арқылы бағалау | ||||||
Кері байланыс 5 минут Бағалау | Сонымен, бүгінгі сабағымыздан не білдік? Не есімізде қалды? Осы ертегіден халықтың қандай әдет-ғұрпын байқадық? Қасық арқылы бағалау | |||||||
Үйге тапсырма: «Менің ата-анама құрметім...» эссе жазу |
Денсаулығым-байлығым. Байлық пен ақыл. Ертегі.
Орысбаева Жаңылхан
бастауыш сынып мұғалімі