ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ

 

Әрбір ұлттың өзіндік тарихы, тілі мен діні, салт-дәстүрі, өнерімен қатар ұлттық ойындары да болады. Қазақ халқының еншісінде де бірталай ұлттық ойындар тізбегі бар. Қазақ жастары танымдық ойындарға аса мән берген. Олар үй үлкендері басқа жаққа кеткенде жиналып «Бастаңғы» жасаған, яғни сауық кештерін ұйымдастырған.

Ондай кештерде міндетті түрде ән айтылып, би биленіп, күй тартылып, ойындар ойналған.Қазақтың ұлттық ойындары тұрмыстық тіршілікке аса жақын. Олар жігіттердің ептілігін, күштілігін, дәлдігін дәлелдейтін ойындар. Мысалы, «ақсүйек», «асық» ойындарының басты құралы мал сүйегі. Ол табиғи таза, адам ағзасына еш зияны жоқ құралдар.

Қазіргі ойынға қажетті құралдар жасанды синтетикалық заттардан жасалады, олардың адам ағзасына, әсіресе өскелең ағзаға зияны өте көп. Жалпы қазақ жастары ешқашан әдептен озбаған, сондықтанда ойын түрлері қазіргі жастар ойындарын мүлде өзгеше.

Аңға байланысты ойындар: ақсерек- көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қасқұлақ, ордағы қасқыр.

Малға байланысты ойындар: аларман, асау көк, бура – қотан, көксиыр, соқыртеке, түйе мен бота.

Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алтыбақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ әйкел, әуе таяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қарагие, қимақ, қыз қуу.

Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, мейрамхана, пароль, сымсыз телефон, мафия, бригада, нөмір, пошта, сыңарын табу.

Дереккөз: http://tarmpi-innovation.kz

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз