Зинадинова Әлия Қайратқызы
Қызылорда облысының білім басқармасының
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
"Сыр шуағы" бөбекжай бақшасының тәрбиешісі
Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселенің бірі -жан - жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін біз не істеуіміз қажет?
Бізден берілетін тәрбиенің отбасымен балабақша тығыз байланыста болса ғана, мағыналы болып жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осының негізінде біз тек баланы ғана емес, ата-ананы да жұмыстандырып, бірге тәрбиелеуіміз қажет. Қазіргі білім үрдісі өзгерді, саналы білім беруде жаңа көзқарастар пайда болды, және біздің алдымызға жаңа міндеттер жүктеп отыр. Осы міндеттердің бірі – білім берудің әдіс- тәсілдерін түрлендіріп жетілдіріп отыру және жаңа иннавациялық білім технологиясын меңгеру.
Ал технологиялық білім дегеніміз – білім, біліктілік, интелектуалдық кәсіптік әдіс-тәсілдерді қолдану. Жаңа технология бойынша білімді үнемі бүгінгі жас ұрпақ тәрбиеленушіге меңгертіп отырсақ, балалардың жаңа көқарас үрдісі дамиды.
Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Біз күнделікті оқу іс-әрекеттерін Тәй-тәй технологиясының элементтерін пайдалана отырып, орталықтарға бөліп ұйымдастырамыз, бұл технологияның тиімділігі балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып, ата-анамен байланыс нығаяды. Сонымен қатар түрлендіріп қойылым ойындарын көптеп қолданамыз, бұл ойынның мақсаты бала белгілі – бір бейнені орындай отырып, өзіне деген сенімділік пайда болады. Баланың жан-жақты дамуында дамытушы ортаның маңызы зор. Қазіргі таңда балабақшамызда Монтессори технологиясына көптен көңіл бөлініп, арнайы бөлме дайындалып жасақталуда. Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол маторикасын дамытып, өз бетінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды жеңе білуге, еркін ойлауға тәрбиелейміз. Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық психологиялық, педагогикалық шеберлікті, бала дүниетанымын терең танып, ұғына білуді мақсат етеді. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану және оны ұйымдастыруға ақпарат құралдары да, талапқа сай болу қажет.
Қазіргі таңда ешбір жас ұрпақ білімсіз болып қалмауы тиіс. Міне, жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып, білімді ұрпақ тәрбиелейді. Әрбір технологияның өзіндік ерекшілігі бар. Бала толыққанды жетіліп, ата-анамен байланыс күшейеді. Жаңа технологиялар бала бойына білімді әуестік, білімқұмарлыққа баулуы тиіс. Білім беру үрдісіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін жаңаша ортада, жаңа бағытпен ұйымдастыру.
Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай, әлемді шынайы қабылдауға дайындау. Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешем қабылдауы тиіс. Ендеше баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын үйретейік. Өйткені оқыту технологисы педагогикалық үрдістін сапасын жетілдіруді талап етеді.
Тәрбиелеудің үш көзі
Бала. Отбасы. Балабақша
Адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамдардың ең басты шаттығы болып саналатын баланың өсіп, өмір сүретін орыны.
Отбасы тәрбиесінің міндеттері:
1.Тілдік қатынастық дамуын қамтамасыз ету.
2.Баланың танымық дамуы үшін жағдайлар жасау.
3.Баланың басқа балалармен қарым-қатынас, жасауға мүмкіндік жасау.
4.Өзін-өзі қызмет етуге және жақындарына көмектесуге үйрету.
Балабақша : Балаға жан-жақты білімді, тәрбиені, ақыл-ойын дамытатын, қызығушылығын оятатын баланың екінші отбасы.
Тәрбиеші ол кім?
Жан-жақты білімді игерген, баламен қарым – қатынас орната білетін, бала жанын түсінетін, адамгершілігі мол , шебер ұйымдастырушы лауазымды тұлға.
Оқыту технологиялары
1. Денсаулық сақтау технологиясы
2. Жоба іс-шығармашылық технологиясы
3. Қатынастық ақпарат технологиясы.
4. Ойын технологиясы
5. Тәй-тәй технологиясы
6. М.Монтессори әдіс - тәсілдері
Ойын түрлері: Үстел үсті. Дидактикалық ойындар
Құрылыс ойындары Сюжетті ойындар.
Логикалық ойындар
Тәй-тәй технологиясы: Мақсаты: Балалардың өздеріне деген сенімсіздік комплексін жою. Балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне дағдыландыру.Балаларды жан-жақтылыққа парасатылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Тәй-тәй технологиясының қағидалары:
-Отбасының оқу тәрбие жұмысына тікелей қатысуы.
-Оқу тәрбиесі жұмысын жекешелеу негізінде балаға бағыттталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып құру.
-Топта таңдау мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында оқу орталықтарын құру.
«Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу мен оқыту процесінде М.Монтессори әдістерін қолдану»
Мақсаты: Монтессори педагогикасының негізгі принципі – балаға өзін-өзі тәрбиелеуге өз бетінше оқуға, өз бетінше дамуға жағдай жасау.
Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, әртүрлі жаттығулар арқылы дамыта отырып, ұйымшылдық, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері: Монтессори топтарында бала негізінен арнайы дайындалған қоршаған орта. Монтессори көрнекіліктердің көмегімен өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді. Монтессори педагогикасының тағы бір ерекшілігі әртүрлі жастағы балалар бір-біріне кедергі келтірмейді қайта бір-біріне көмектеседі.
Белсенділік орталықтары: Өнер орталығы. Көркем әдебиет орталығы.
Желілі ойындар орталығы.
Құм мен су орталығы. Құрылыс ойындар орталығы
Құм мен су орталығы:
Мақсаты: Балалардың ортақ іс-қимылын ояту, қол саусақтарының қимылын дамыту, шығармашылығын арттыру, жан-жақты қызығушылығын ояту.
Өнер орталығы:
Мақсаты: Әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту, сезімен өнерді түсінуге тәрбиелеу. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту.Ұсақ-қимыл қозғалысын, өзіндік шығармашылығын арттыру.
Құрылыс орталығы:
Мақсаты: Балаларға заттарды дұрыс құрастыра білуге үйрету. Балалардың дұрыс ойлауын дамыту, Шеберлігін арттыру. Ұжым болып жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Желілі ойындар орталығы:
Мақсаты: Балалардың рөлдерде ойнау шеберлігін арттыру, ертегілерді кейіпкерлендіру арқылы сөздік қорын молайту, белсенділігін арттыру.
Көркем әдебиет орталығы:
Мақсаты: Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ертегілерді таныстыра отырып, сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту. Дұрыс сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеу.
Балалар игеретін білім білік дағдылары:
- Өзара сыйластыққа түсіне білуге қабілетті
- Айналасындағыларды ұнатып, жақсы көре біледі
- Шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді.
Сабырлы болуға, тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді.
Жалпы ата-аналарды топқа тартудың қажеттілігі.
1.Балаларға іс-әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіншілік болады.
2.Ата-аналар өздерінің баланың оқытуға бар екенін сезеді.
3.Балаға жан-жақты тәрбие беруде жеңілдік туады.
4.Балалар маңызды жетістікке жете алады.
Күтілетін нәтижесі:
1.Ата-ананың өз идеясын жүзеге асыру мүмкіндігі болады.
2.Тәрбиеші мен ата-аналар арасында тығыз байланыс орнайды.
Қорытындылай келе, бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болмақ. Бала отбасында дұрыс тәрбие алса, тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ. Атақты Б.Момышұлы атамыз айтқан екен үш нәрседен қорқамын:
«Өзінің сәбиіне бесік жырын айтпаған анадан, немересіне ертегі айта алмаған ата мен әжеден, өз тілін құрметемеген адамнан» деген екен. Міне, балаға отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұла ретінде тәрбиелеу.