МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТЫҢ РОЛІ

  
Ашимова Улбосын Кенжебаевна
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылы,
Байгелді Кейкиев атындағы орта мектебінің мектепалды сынып тәрбиешісі,
педагогика ғылымдарының магистрі
  Оқу-тәрбие үрдісін басқару кезінде көптеген факторлар әсер ететіні анық. Соның бірі – заманауипедагогтың ролі болып саналады. Педагогикалық шеберлік барша оқу процесі мен тәрбие үдерісін бір қалыпқатүсіріп, оны басқарады. Бұл өз кезегінде тәрбиеленушілердің танымдық қабілетін арттырып, шығармашылықпотенциалдарын дамытады.
    Бүгінгі күні жас ұрпақтың жаңа заманға сай білімді меңгеруі үшін аталмыш салада жылдан-жылға білімберу мазмұны өзгеріп жатыр. Болашақ педагогтарды қалыптастыру мен балаларды тәрбиелеу мақсатындаенгізіліп жатқан бұл өзгерістер білім беру саласын жандандырып жатыр. Мектепке дейінгі білім беруорындарында оқыту процесінде жаңартылған білім беру бағдарламалары қолданылып, тиісті үдерістер орыналуда. Бұл өз кезегінде сабақты зерттеу мәселесін толық қарастырады. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалардыдамыту мен тәрбиелеудегі тәрбиеленушілерге жүйелік-әрекеттік әдісі арқылы білім беру аса тиімді болыптабылады. Аталмыш әдіс арқылы көптеген жетістікке жетуге болады. Бұл әдісті қолдану кезінде, біріншіден,тәрбиеші өзінің уақытын үнемдейтін болса, екіншіден, баланың өзіне ізденуіне мүмкіндік береді. Демек, жүйеліәрекеттік білім беру дегеніміз – тәрбиеленушінің өзіне ізденуге, білім алуына, тәжірибе алмасуына мүмкіндікберу. Бұл тұрғыда тәрбиеші тек қана балаға бағыт-бағдар көрсетіп, қандай деректерге сүйену керегін жеткізеді.
    Тәрбиеленушілердің білімі мен білігін анықтау педагогика ғылымында түрлі тәсілдерді қолдану арқылыжүзеге асады. Ауызша, жазбаша, практикалық бақылау секілді мәселелерге келгенде, педагогикалық шеберлікбаланың білім деңгейін анықтауға көмектеседі. Бұл бақылаулардың тиімділігі тәрбиешінің оны дұрысұйымдастыра білуіне байланысты. Егер педагог бұл бақылауды бар көңілімен істеп, оқыту процесінжандандыратын әдіс-тәсілдерді қолданса, бақылаудың сәтті шығады. Бұл мектепке дейінгі білім беру орнындағыұйымдастырушылық шаралар мен біліктілік қағидаларын алға жетелейтін талап. Сонымен қатар бағдарлаукезінде тәрбиеші баланың тақырыпты қалай меңгергендігін байқай алады. Оның сабаққа деген ынтасыныңқандай дәрежеде екенін білгісі келген тәрбиеші басты назарды бақылауға арнау керек. Сонда ғанатәрбиеленушінің білімі мен білігін тез арада анықтауға мүмкіндік туады.
    Педагогикалық шеберлікті зерделеуге келгенде, тәрбиеленушінің өзін-өзі бағалауы басым бағыттатұрады. Ең алдымен, адам басқа біреуді бағалағаннан гөрі өзін бақылағаны дұрыс. Өзіне-өзі сын көзімен қарайотырып, өзінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанына көз жеткізу үшін бұл тәсілді қолданған тиімдірек.Себебі, тәрбиеленуші өзінің мүлт кеткен тұстарын қайта қарап шығуға, қайта көз жүгіртуге мүмкіндік туады.Сондықтан, оқыту процесінде тәрбиеленуші өзін-өзі бақылау керек. Оқу бағдарламасын қалай игергені жөніндеөзін-өзі ақпараттандырып, білімге деген ынтасының көрінісін байқай алады. Нәтижесінде, өзінің орындағантапсырмасына сай ол бағасын алады.
    Бүгінде ақпараттық технологиялардың қарқынды дамыған кезеңінде білім беру жүйесі экономикалықинновацияның құрылымдық мазмұнының біріне айналды. Осыған сәйкес еліміздің білім беру саласы да өзініңфундаменталдық қасиеттерін сақтай отырып, бүгінгі нарық заманына сай қажеттіліктердің орнын толтырып,түрлі жаңашыл ізденістердің үдесінен шығып жүр. Бұл тұрғыда заман талабына сай білім мен ғылымды игеру –сабақты зерттеу мәселесін оң шешіп, адам ресуртстарының бәсекеге қабілеттілік сапасын арттырады. Еліміздегіоқыту процесін дамыту аталмыш саладағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Жаңартылған білім берумазмұнын жаһандану кезеңімен байланыстыра отырып өзгерту аса маңызды.
    Қазіргі таңдағы білім беру жүйесі тәрбиеленушіні тек біліммен қаруландырып қоймай, оның іскерлік,тұлғалық, сапалық қасиеттерін жандандырып, қоғамға тез сіңісіп кетуіне әсер етуі керек. Тұлға ретіндеқалыптасып, өзінің проблемаларын шеше білуге, оқушының әлеуметтенуіне, өзін-өзі жан-жақты дамытуынаықпал еткен жөн. Білім алуға бағытталған педагогикалық құзірет талабынан туындайтын бұл мәселеде педагогәлеуметтік, қоғамдық, мәдени компоненттерді түзей отырып, білікті түрде жүзеге асыруды көздейді. Осылайшақазақстандық білім беру жүйесі өзінің негізгі фундаменталдық қасиеттерін сақтай отырып, жалпыламаформаларды енгізуге дағдыланғаны дұрыс. Бұл өз кезегінде сабақты зерттеу мәселесінде басты назарға ұстайтынмәселе. Бұл білім беру формасының негізгі мәні – оқушының тұлғалық және шығармашылық қабілетін ашуғамүмкіндік тудыру. Сонда ғана балабақшадағы оқыту процесінде білім алушылардың жетістіктерінің жандануынакөмектесе аламыз.
    Педагогикалық шеберлік– сабақты қандай деңгейде меңгергеніңнің көрсеткіші ғана емес, сондай-ақ, олтәрбие құралы. Өзінің бағасы арқылы ол сабаққа немқұрайды қарамауға тырысады. Мектепке дейінгі оқытупроцесі кезінде фундаменталды білімі мен жинаған білігінің сапалық ерекшеліктерін көре отырып, бағасыныңмаңыздылығына тоқталады. Бұл өз кезегінде тәрбиеленушілерге ойлануға мүмкіндік беретін арнайы құрал десекте болады. Келесі жолы өзінің қай тақырыпқа жетік емес екенін анықтап, бағдарлай алады. Бұл арқылы мектепкедейінгі тәрбие-оқу ісі алға жылжиды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз