Нуржигитова Бахытгул Зулфухаровна
Алматы облысы Қарасай ауданы
"Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі " Бастауыш сынып мұғалімі
Бөлімі: | 3В Көбейту және бөлу.Есептер. | |
Педагогтің аты-жөні: | ||
Пәні: | Математика | |
Күні: | ||
Сыныбы:2-сынып | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | 5 санына бөлу және көбейту кестесін құрастыру | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.1.2.2-көбейту және бөлу өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау; 2.1.2.4 – бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін құру,білу және қолдану/2;3;4;5 сандарына көбейту кестесін құру, білу және қолдану | |
Сабақ мақсаты: | Көбейту және бөлуге арналған кері амалдарды орындайды; Амалдардың компонеттері арасындағы байланысты сәйкестендіреді; Көбейту кестесін қолданып өрнектің, мазмұнды есептің, теңдіктің мәнін табады; | |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыт | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі 3 мин. | Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Сабақты біз бастаймыз» деген өлеңнің басын ары қарай жалғастырып бір жол өлең шығарады Мыс: Сабақты біз бастаймыз Мұғалімді тыңдаймыз | Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару. | ҚБ: Мұғалім марапаты | |
Өткен білімді тексеру 5 мин. | Алдыңғы сабақты еске түсіру Plickers программасы QR код арқылы өткен тақырыпты қайталауға берілген тест жұмыстары 1.Бір бумада 3 шар бар. Осындай 5 бумада барлығы неше шар бар? 2.Өрнектің мәнін тап: 3*4+5= 3.Белгісіз көбейткішті тап: 4*...= | Балалар қолындағы кодтары арқылы тесттің дұрыс жауабын көрсетеді | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау | Алдыңғы білімді еске түсіру Тапсырмалары |
Жаңа білім 5мин. | Қазақ халқы 3.5.7.9 сандарын қасиетті сан деп есептейді. Ата бабаларымыз бұл сандарға ерекше мән берген. Ендеше осы сандардың ішінен 5 саны туралы не білеміз? | 5 қару: садақ, қылыш, найза, айбалта,шоқпар 5 асыл іс:талап, еңбек, терең ой, қанағат , рақым 5 дұшпан: өсек, өтірік, бекер мал шашу, еріншек, мақтаншақ | ҚБ: Мұғалім марапаты | |
Бүгінгі тақырыбымыз « 5 санын көбейту және бөле кестесін құрастыру» ОМ Көбейту және бөлуге арналған кері амалдарды орындаймыз; Амалдардың компонеттері арасындағы байланысты сәйкестендіреміз; Көбейту кестесін қолданып өрнектің, теңдіктің мәнін табамыз; | ||||
3 мин | Балалардың назарын экранға аударып Алдар көсе мультфилмін көрсету. -Балалар Алдар көсе демалып жатып не армандады деп ойлайсыңдар? Алдар көсе өзімнің үйім болса екен деп армандаған екен балалар. Алдар көсеге үй алып беруге көмектесеміз бе? Ол үшін байдың төрт сандығын ашып, ішіндегі тапсырмаларын орындауымыз керек. | Алдар Көсе мультфильімінен үзінді көріп ары қарай өзінің ойын айтады. | 1,2,3-суреттер | |
5 мин | Тапсырма 1 ӨЖ «Судағы балықтар» әдісі Көбейту және бөлудің кері амалдар екенін еске түсіру мақсатында Балықтардың артында 5 санының көбейту және бөлу кестесіне берілген өрнекті орындап, аквариумға салу Мысалы: 5*3=15 15\3=5 ЕББҚО тапсырма Берілген өрнекті көбейту және бөлу кестесіне қарап отырып, мәндерімен сәйкестендіреді | Есепті орындап, аквариумға салады Үйдің фундаментін құяды | ҚБ.4-сурет Дескрпитер: 1. Көбейтуге берілген өрнектің мәнін табады; 2.Бөлуге берілген өрнектің мәнін табады; 3.Көбейту мен бөлу өзара кері амалдар екенін айтады Дескриптер: 1.Кестеге қарап отырып көбейту өрнегін мәнімен сызық арқылы сәйкестендіреді 2.Кестеге қарап отырып, бөлуге берілген өрнектің мәнін сәйкестендіреді 3.көбейту мен бөлу кері амалдар екенін біледі | 5-6 суреттер |
5 мин | Тапсырма-2 ЖЖ «Жұмбақ қорапша» әдісі Қорапшаның сыртында 5 санының көбейту кестесінен алынған өрнек тұрады. Соған төрттік теңдік құрастыру керек Мысалы: 5*2=10 2*5=10 10\5=2 10\2=5 ЕББҚО тапсырмасы: жұбының көмегіне сүйенеді | 4 теңдік құрастырады Үйдің қабырғасын қалайды | Дескриптор: 1)1- теңдікті жазады және мәнін табады 2)2- теңдікті жазады және мәнін табады 3)3- теңдікті жазады және мәнін табады 4)4- теңдікті жазады және мәнін табады ҚБ: Жұптар бір бірін тексеріп , бағалау | |
2 мин | Сергіту сәті Көңілді күн | Видеода көрсетілген қимылдарды жасау | https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM | |
5 мин | Тапсырма 3 ӨЖ«Сұрақтар ілмегі» әдісі Қиынды қағаздарға мазмұнды есептер беріледі. Мысалы: Сенде барлығы 45 теңге бар. Дүкенде сағыз 5 тг тұрады. 45 теңгеге неше сағыз сатып ала аласың? Ш: Ж: ЕББҚО тапсырмасы: Қиынды қағаздағы есептер жеңілдетіліп дөңгелек сандармен беріледі. Есептің шешуін монеталарды қолданып шығарады. | Қиынды қағаздағы есепті толық шығарады Үйдің шатырын көтереді | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. Дескриптер: 1.Есепке өрнек құрастырады; 2.Өрнектің мәнін табады; 3.Жауабын жазады | 5*6 |
Бекіту тапсырмасы 5 мин | Тапсырма 4 Білу, түсіну, қолдану. ҰЖ . Үй жина әдісі Ортада үлкен шеңбер тұрады. Шеңбердің ішінде 5 саны жазылып тұрады. Шеңбердің сыртына 5 санының бөлу және көбейту кестесінің мәндері болады. Сыпырғыш арқылы айтылған өрнектің мәнін шеңберге сыпырып кіргізу қажет. ЕББҚО тапсырма:мұғалімнің көмегімен көбейтінді мен бөліндінің мәнін табады. | Мұғалімнің айтқан 5 санының бөлу және көбейту кестесіне байланысы өрнектердің мәндерін шеңбердің сыртынан тауып, шеңбердің ішіне сыпырып кіргізеді Үйдің есік, терезелерін орнатады | ҚБ: Мұғалім марапаты Дескрпитер: -көбейтіндінің мәнін табады; -бөліндінің мәнін табады. | 7-сурет 40 15 5 й 45 20 35 25 |
Кері байланыс 4 мин 3мин | 8-сурет Бағалау Үй тапсырмасы | Құрастырылған үйге сабақ барысында алған жиһаздарын жабыстырады. Кері бетіне сабақтан алған реакцияларын жазады | 4-сурет |