ТУРА ЖӘНЕ КЕРІ САНАП, САНДАРДЫ ҮЙРЕН

 

Утебаева Галия Клышпаевна

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылы.

 "Ортадересін жалпы білім беретін мектебі" КММ. МАД сыныбы.

Білім беру дағдысы:

Таным. Математика негіздері.

Тақырыбы:

Тура және кері санап, сандарды үйрен

Мақсаты:

10 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. Тура және кері тәртібімен.  Математикадан өткен білімдерін қайталату. Сұрақ қою және дағдыларын дамыту. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды табуы. Логикалық ой өрісін дамыту, есепке қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтай отырып, бекіту. Айтқанды мұқият тыңдауға, өзгенің ойымен келісе білуге, сыпайы бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу

Әдіс - тәсілі:

түсіндіру, сұрақ – жауап,дидактикалық ойындар.

Көрнекіліктер:

Пішіндер, апта күндері, сандар.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Амандасып алайық,

Сәлембердік біз.

Ұйымдастырылған

іс-әрекетке дайындық

- Балалар, бізге бүгінгі оқу іс - әрекетімізге қонақтар келіпті. Қонақтар сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді байқамақшы. Олай болса, сабаққа белсене қатысайық.
- Математика сабағынан біз не үйренеміз, балалар?
(Балалар жауаптары)
- Дұрыс айтасыңдар балалар, математика сабағында біз сандармен пішіндермен, түстермен таныстық.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Кәне, атап шығайық
- Қазір жылдың қай мерзімі?
- Қандай ай?
- Апта деген ағайдың, жеті бірдей ұлы бар (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).
- Бүгін аптаның қай күні?

Балалар, кәне бәріміз бірге тура және кері санап көрейік

ші.Жарайсыңдар!

Сергіту сәті:

Басбармағым тіптіде,

Ұстай алмас жіптіде.

Екі саусақ бірікті,

Қолға ине ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ жол салсақ

Іс – әрекет арқылы ұсақ саусақ моторикасын дамыту және  дене қимылдарын , бұлшық еттерін жетілдіру жаттығулары  

Балалар, саусағымызға жаттығу жасап алдық, енді қол моторикасына арналған тапсырмамызды орындаймыз. Ол үшін алдымыздағы берілген тапсырма яғни, бірінші тура сандарға жіпті өткіземіз, содан кейін кері санап кедергілерден өтеміз.                 

            

Жарайсыңдар, керемет!

Дидактикалық ойындар

«Көршісін тап», «Кім жылдам?»

(Оқушылар аяқ іздерінен өтіп, кубикті лақтырып қандай нүкте түссе, тақтадан сандарды тауып, шапалақпен соғады немесе жазады)

«Жылдам  қозғалу, тез  қимылдауға » арналған ойын.

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: 10 санын, ретімен, тура және кері санауды. Логикаға арналған ойын тапсырмаларын орындауды;

түсінеді: заттардың санын және осы санды белгілейтін цифрды қалай сәйкестендіру керектігін; қолданады: 10 заттан тұратын топтарды.

Рефлексия:

Педагог балалардан оңай орындаған және орындауға қиналған немесе қателескен жұмыс түрлері туралы сұрайды. Оқу қызметін қорытындылайды, балаларды мадақтайды. Педагог өзін-өзі бағалауға ұсынады. Егер ҰОҚ-тін дұрыс орындасаң, жасыл алманы себетке сал. Егер тапсырмалар жартылай орындалса, сары далманы себетке,е гер ҰОҚ қиын болып, түсініксіз болса, қызыл алманы себетке салады.


Себет (Алма тәсілі бойынша)

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз