Ө ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ

Мауияева Ардак Сактапалиевна

Ақтөбе қаласы, «Құнан» мектеп-лицейінің

  бастауыш сынып мұғалімі


Білім беру ұйымының атауы



Пәні

Әліппе


Бөлім

Әліппе кезеңі


Педагогтің аты-жөні



Күні

28.10.2021


Сынып:1 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Тақырыбы:

Ө дыбысы мен әрпі


Оқу мақсаты

1.1.5.1 сөйлеу барысында дауыс ырғағын,екпін,әуен,қарқын,кідірісті сақтау,ойды ым-ишара,қимыл арқылы жеткізу

1.2.1.2оқу түрлерін(буындап оқу,тұтас оқу,мәнерлеп оқу,түсініп оқу)қолдану

1.3.6.1жазу жолын,жоларалықты,жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап,әріп элементтерін,әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу


Сабақтың мақсаты

Сөйлеу барысында дауыс ырғағын,екпін,әуен,қарқын,кідірісті сақтау,ойды ым-ишара,қимыл арқылы жеткізеді

Оқу түрлерін(буындап оқу,тұтас оқу,мәнерлеп оқу,түсініп оқу)қолданады

Жазу жолын,жоларалықты,жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап,әріп элементтерін,әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазады


Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған

кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Бейсенбінің сәті.

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

Өткенді пысықтау.

«Кірпіге алма жинауға көмектес»

Ширату.

Өрімдей,өнген өренбіз,

Өркендеп өссін өлкеміз.

Өмірім-өзен

Өнерім- өрнек,

Өкінбейміз өсеміз.

Оқушылар мұғаліммен бірге қайталайды.

Дескриптор:

Алма бейнесіне жазылған сөздерді оқу.

Ө ө әрпі



Сабақтың ортасы

15 мин

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ө» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«Ө ө» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«Ө ө» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.

(Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

Сурет бойынша әңгіме құрау.

Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

4.Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

5.«Ө» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.

6.Өтілетін жаңа дыбысы бар «өрнек» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

7.«Ө» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.

Дескриптор:

Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды:(1)

«Әсем матаға өрнек салды. Өрнегі өте көркем болып шықты. Апасы оны мақтады».

Әңгімені сөйлемдерге талдайды:(1)

Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (1).

Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді ( Әсем матаға өрнек салды) сөздерге талдайды:(1)

Бұл сөйлемде 4 сөз бар.

«Өр-» бірінші буынын айтып, қай дыбыс созылып айтылып тұрғанын табады.(1)

«Ө» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.(1)

Өтілетін жаңа дыбысы бар «өрнек» сөзіне дыбыстық талдау жасайды:(1)

«Ө» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысады.(дауысты дыбыс)(1)

Қолдау

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

оқулық

Әріптің баспа жазылу түрі

Өө

10 мин

2 мин

( Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

( Ұ) Оқылым.

1.Жаңа сөздер қоржынын толықтыру.

«Кім зерек!» (Ж)

2  1.Оқулықтың 76-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.

2.Өнерлі балалар мәтіні бойынша суреттің ретін сақтап нөмерлеу.

( Ө) Жазылым (видео)

Оқулықтағы «ө» әрпінің таңбалануына назар аудару.

«Ө» әрпін тақтаға жазып көрсету.

«Ө» әрпін ауада жазып көрсету.

Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

Сергіту сәті.

Мен өрікпін,өрікпін

Табиғатқа көрікпін.

Тіл ұстарту жаттығу.

1.Жаңа сөздермен танысады,бірге   тыңдалым арқылы қайталайды.

(1)

Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.(1)

Дескриптор:

Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: (1)

сызықтарды бастырып жазу арқылы

«ө» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.(1)

Мақтау, қолдау

«Бәрекелді!»,

«Жарайсың!»,

Әріптің баспа жазылу түрі

Оқулық

Жазу дәптері

Сабақтың соңы

10 мин

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

деңгей:Әріптерді тап.

1-деңгейдегі оқушылар берілген әріптерден П-ны сыз,Ө-ні қорша,Ғ-нің үстіне нүкте қой.

Дескриптор:

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.(1)



5 мин

2-деңгей: «Ө» дыбысы сөздің қай жерінде келетінін  анықтайды,дыбыстық талдау.

3-деңгей:

«Лабиринт»ойыны

Орны ауысқан әріптерді көз арқылы сөзбен байланыстыру,дыбыстық талдау.

«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс

Мұғалімнің мақалмен жұмысты QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу.

Сабақты «Өнерлі бала сүйкімді» деген қорытынды пікірмен аяқтау.

деңгейдегі оқушылар «ө» дыбысының сөздегі орнын (ортасында, алдында, соңында) анықтап дыбыстық талдау жасайды.(1)

3-деңгейдегі Орны ауысқан әріптерді көз арқылы сөзбен байланыстырып дыбысталдау жасайды.(1)

Оқушылар мақалды тыңдайды.(1)

Мақалдың мағынасын өз ойларымен түсіндіруге тырысады.(1)

Адамға пайда әкелетін, қуаныш сыйлайтын өнермен шұғылдануға

талпынады.(1)


Саралау тапсырмалары

Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020


Рефлексия. «Басбармақ» әдісі».

Әр сұраққа  басбармағын көрсетіп отырады. Сол арқылы мұғалім оқушылардың бүгінгі материалды меңгеру деңгейін анықтап, бағалай алады.

«Ө ө» дыбысын танимын, ажыратамын.

«Ө ө» дыбысының сөз ішіндегі орнын анықтай аламын.

«Ө ө» әрпін көркем жаза аламын.

«Ө ө» әрпіне дыбыстық талдау жасай аламын.

«Басбармақ» әдісі

Өзін-өзі бағалау










Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз