Карабекова Каракоз Каденовна
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылы,
Ақжол ауылы Бастауыш сынып мұғалімі
Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында ұстаздар мәртебесін арттыруға ерекше назар бөлінген. Мұғалімдер мәртебесін арттырудағы айта кетерлік алға басылған қадамды – педагогтар біліктілігін арттыру жүйесін түбегейлі қайта қалыптастырудың басталуымен байланыстыруға болады.
ХХІ ғасыр адамның шығармашылығы дәуірлеген ғасыр екені даусыз. Қоғам дамуының бұл кезеңі – жаңа ақпараттық технология, яғни ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, білім беру процесін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін ақпараттандырудың маңыздылығымен ерекшеленетін жаңа кезең. Әрбір педагогтың алдына қойған мақсаты жұмыс істеу дағдылары қалыптасқан, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушылардың бай рухани мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық сана сезімін, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін санасына сіңіруге міндетті.
Орта білім беруді дамыту тұжырымдамасының басты мақсаты-оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру болып табылады.Бұл міндетті жүзеге асырудың түрі – сабақ. Сондықтан да, сабақ өтудің тиімді жолдары мен әдістерін қарастыру және оқу процесіне қолдануға лайықталған жаңа инновациялық педагогикалық әдістерді пайдалану мұғалімнің негізгі міндеті болып табылады.
Мұғалім алдына қойған мақсатты жүзеге асыру жолында сан қилы әдіс-тәсілдерін біліп қана қоймай, тиімді пайдаланғанда ғана оқушылардың білімге құштарлығын туғызып, терең түсінігін қамтамасыз етеді. Сабақтың темпін, ритмін өзгертіп отыру мұғалімнің шеберлігі мен жұмыс стиліне байланысты шешілетін мәселелер, ал дұрыс таңдалған әдіс-тәсілдер оқушы мен мұғалімге бірдей қолайлы жағдай тудырып, сабақтың сапасын арттыруға түрткі болады.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд айтқандай:“Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді. Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады”.
Бүгінгі таңда жаңа технологияны оқып-үйрену, әрбір педагогтың шығармашылық ойлауын, инновациялық кәсіби білімі мен шеберлігін жетілдіре түседі. Білім туралы заңға сәйкес мұғалім оқушының мемлекеттік өлшем деңгейінен төмен түсірмей білім беруі тиіс. Ол үшін оқытудың белгілі технологиясын игеріп, оны жүзеге асыра білуі керек. Білім берудің әлемдік кеңістіктегі оқушының үлгерімін, ата-ана мен педагогтар қадағалап, тест арқылы қабілеттерін өлшеп,баланың жеке ерекшелігін ескеру арқылы жүзеге асады.
«Білім мен тәрбие-егіз»-дейміз. Олай болса сауатты білім алу үшін бірінші бала тәрбиесін қалыптастыру керек. Ол үшін не істеу керек? Мектеп табалдырығын аттаған күннен мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы тәртіпті қалыптастыру керек. Тәртіп болған жерде ғана оқушының алған білімі, тәрбиесі көрінеді. Оқушыларды еркін ұстап, өз ойын ашық айтқызып, ұялшақ болмай, ширақ болуға уйрете отырып, тәртіпті қалыптастыруға болады. Сабаққа дайын болмаған оқушыға қатты зекіп, сөгіс жариялап, ата-анасына жамандап, баланың беделін түсіріп алу деген өз жұмысыңды артқа тартуға әкеп соғады.
Ұлы педагогтардың тәрбие туралы әдісінде балаға сенімді көзбен қарап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді көріп,соны үнемі арқау етіп, сенен жақсы оқушы шығады, сен оны түсіндің, ертең жаттап келіп, жақсы баға аласың деген жылы сөздерді пайдаланып отырсақ, оқушы бойында жауапкершілік қасиет қалыптасып, өзінің оқығанына мұғалім, жан-жағындағы достарының қуанатынына оқушының көзі жетіп, өмірге деген қызығушылығы арта түседі.
Әрбір білікті маман, жаңашыл мұғалім инновациялық ынталық пен табандылыққа үйренуі қажет және өз сенімін оқушыға жеткізе білуі керек.
Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді»,-деген.
Айналамыздағы қоршаған әлем тез өзгереді. Әсіресе саяси, әлеуметтік және экономикалық құндылықтар өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан қазіргі кезде қарым- қатынастағы сауаттылық бәріне өте қажет. Балада тек өзіндік дарындылықты ғана дамытпай, жеке адам ретінде оны эмоциялық, интеллектуалдық, көркемдік және әлеуметтік қабілеттерін де дамытуды есепке алу қажет. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіру мақсатында және дарынды балаларды анықтап, оларды ары қарай дамыту мақсатында елімізде авторлық тереңдетіп оқыту, дарынды балалар мектептері жұмыс жасауда. Еліміздің халықаралық білім кеңістігіне, бүкіләлемдік сауда ұйымына, бәсекеге барынша қабілетті 30 ел қатарына өтуі барысында орта мектептер өмірінде орын алып отырған бұл жаңашыл оқыту технологиялары барынша құпталуы тиіс. Өйткені, кез келген елдің экономикалық әлеуеті оның интеллектуалдық әлеуетімен өлшенеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Жұмабаев М. Педагогика – Алматы.
2) Байтұрсынов А. Тіл тағылымы – Алматы.
3) Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. - Алматы, 2000.