ЗАТ ЕСІМНІҢ СЕПТЕЛУІ

Оралова Каламкас Кобеевна

Тараз қаласы, №46орта мектеп

 Бастауыш сынып мұғалімі

Бөлімі:

Табиғаттың таңғажайып құбылыстары

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Зат есімнің септелуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

 4.4.2.3  Зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін  білу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Оқушылар оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Зат есімніің септелуін орындайды; 

Көптеген оқушылар: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді;

Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Құндылықтары:

Оқушыларды бір – біріне  деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

Ұжымдық жұмыс.

7мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Оқу құралдары арқылы (өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.) ортаға бала санына қарай оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I-«Өшіргіш» тобы

II «Қалам» тобы

III– «Қарындаш» тобы

Саралау: Бұл жерде қолданудың

«Жіктеу» тәсілі арқылы көрінеді.  Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға қолдану еркіндігі беріледі.

(Ұ) «Ғажайып жылулық шынжыры» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.

Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде  белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Тамаша! Керемет! Өте жақсы! Талпын!»

 

Миға шабуыл. «Ширату» әдісі.

Ұжымдық жұмыс.

5 мин.

Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында экранда көрсетілген суреттерге мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Үйрете отырып үйренемін» тәсілі қолданылады. Бірін-бірі оқыту арқылы  жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім экраннан сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын таныстырады.

Сұрақтар:1. Сөздер мағынасына қарай қандай сөз таптарына бөлінеді?

2.Зат есім нені білдіреді?

3.Кім? Не? сұрақтарына қай сөз табы жауап береді?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.

Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Дескриптор:

-1 сұраққа жауап береді;

-2 сұраққа жауап береді;

- 3 сұраққа жауап береді;

Жалпы-3балл.

Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»

«Керемет»

«Сенің қолыңнан келеді» деген мадақтау сөзімен  ынталандыру. 

ДК

экраны

Сұрақтар топтамасы.

Оқулық 4-сынып.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

Топтық жұмыс.

7 мин.

 

«Зертте» әдісі.

Оқушыларға тақырыпқа байланысты тапсырмалар беріледі.

№ 22 -тапсырма:  Мәтіндегі зат есімдердің жалпы есім мен жалқы есімдерін табу

Дескриптор:

 -Жалқы есім мен жалпы есімдерді біледі; 

- Әңгіменің мазмұнын түсінеді.

Жалпы-1балл.

ДК экраны

4-сынып оқулығы

«Түртіп алу» әдісі.

Оқулықтағы «Тілдік бағдар» айдарының тапсырмасы беріледі.

Нақыл сөздермен танысып, өз дәптерлеріне тапсырманы орындайды.

Мұғалім сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды «От шашу» әдісі арқылы бағалайды:

ДК экраны

4-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

    Сергіту сәті

         1 мин


https://youtu.be/xyS4WWbtttM


https://youtu.be/xyS4WWbtttM

Топтық жұмыс.

мин.

 

№23-тапсырма:

Туынды зат есімдерді тауып  сөздердің  маңызды тұстарын   анықтау.

Мақсаты: Нақыл сөздерді ажыратады.

Тиімділігі: Тыңдалым мен оқылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қолдану» тәсілі көрініс табады.

Берілген тапсырма бойынша  өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп кестені толтырады.

Дескриптор:

-Зат есімдердің қасиеттерін біледі;

-Өмірмен байланыстыра  біледі;

Жалпы-1 балл.

ДК экраны

4-сынып оқулығы.

Жеке жұмыс.

8 мин.

№24-тапсырма:

 Кестені пайдаланып жалқы есім мен жалпы есімдердің  сұрақтарына жауап бер.

Мақсаты: Заттардың атқаратын              қызметімен таныстыру.

Тиімділігі: Оқылым мен айтылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрініс табады.

Берілген тапсырма бойынша мәтінді оқиды. Өзіндік ойын тұжырымдайды. Оқып, танысқан кеңестерді басшылыққа алып, сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

-Кеңестерді оқиды.

-Сұрақтарға жауап береді.

 Жалпы – 1балл.

ДК экраны

4-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Жұптық жұмыс.

5 мин.

Жазылым.

Жұмыс дәптердегі Кестені толтыр.

Мақсаты: Берілген сөздердің атқаратын қызметін жазу арқылы бір-бірінен айырмашылығын ажыратады.

Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрініс табады.

Төменде берілген сөздердің атқаратын қызметін жазады.

1 Жалпы есімдер

2.Термин сөздер

3.Кәсіби сөздер

Дескриптор:

- Зат есімдердің  қасиеттеріне мысал жазады-1б.

-Термин сөздерге ереже мен мысал жазады-1б.

- Кәсіби сөздерге ереже мен мысал жазады-1б.

ДК экраны

4-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы.

Ой толғаныс.

Рефлексия

Жеке жұмыс:

6 мин.

«Бір қалам, бір қағаз» әдісін пайдаланып сабақ бойынша түсінгеніңді жаз.

Пікір: Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

Дәлел:Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал:Пікіріңді өмірмен байланыстырып, бір мысал келтір.

Қорытынды: Тақырып бойынша қорытынды жаз.

Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін  сөйлемдер арқылы тұжырымдайды.

Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі: Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.

Дескриптор:

«Бір қағаз, бір қалам» әдісі бойынша берілген тапсырманы толық орындайды-1б.

Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай  «Білім гүлі» әдісі арқылы бағалайды.

ДК экраны

4-сынып оқулығы.

Жұмыс

дәптерлері.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада

 салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!»,

 «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін»,

 «Нашар» деп аталады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз