Аруанова Айнагул Хасеновна
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті,
«Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО)»
КММ Бастауыш сынып мұғалімі
Оқушылардың білімі мен білігін анықтау педагогика ғылымында түрлі тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асады. Ауызша, жазбаша, практикалық бақылау секілді мәселелерге келгенде, оқушының білім деңгейін анықтау аса маңызды болып табылады. Бұл бақылаулардың тиімділігі мұғалімнің оны дұрыс ұйымдастыра білуіне байланысты. Егер педагог бұл бақылауды бар көңілімен істеп, оқыту процесін жандандыратын әдіс-тәсілдерді қолданса, бақылаудың сәтті шығады. Бұл білім беру орнындағы ұйымдастырушылық шаралар мен біліктілік қағидаларын алға жетелейтін талап. Сонымен қатар бағдарлау кезінде педагог оқушының тақырыпты қалай меңгергендігін байқай алады. Оның сабаққа деген ынтасының қандай дәрежеде екенін білгісі келген педагог басты назарды бақылауға арнау керек. Сонда ғана оқушының білімі мен білігін тез арада анықтауға мүмкіндік туады.
Сабақты зерттеуге келгенде, оқушының өзін-өзі бағалауы басым бағытта тұрады. Ең алдымен, адам басқа біреуді бағалағаннан гөрі өзін бақылағаны дұрыс. Өзіне-өзі сын көзімен қарай отырып, өзінің тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанына көз жеткізу үшін бұл тәсілді қолданған тиімдірек. Себебі, оқушы өзінің мүлт кеткен тұстарын қайта қарап шығуға, қайта көз жүгіртуге мүмкіндік туады. Сондықтан, оқыту процесінде оқушы өзін-өзі бақылау керек. Оқу бағдарламасын қалай игергені жөнінде өзін-өзі ақпараттандырып, білімге деген ынтасының көрінісін байқай алады. Нәтижесінде, өзінің орындаған тапсырмасына сай ол бағасын алады.
Бүгінде ақпараттық технологиялардың қарқынды дамыған кезеңінде білім беру жүйесі экономикалық инновацияның құрылымдық мазмұнының біріне айналды. Осыған сәйкес еліміздің білім беру саласы да өзінің фундаменталдық қасиеттерін сақтай отырып, бүгінгі нарық заманына сай қажеттіліктердің орнын толтырып, түрлі жаңашыл ізденістердің үдесінен шығып жүр. Бұл тұрғыда заман талабына сай білім мен ғылымды игеру – сабақты зерттеу мәселесін оң шешіп, адам ресуртстарының бәсекеге қабілеттілік сапасын арттырады. Еліміздегі оқыту процесін дамыту аталмыш саладағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Жаңартылған білім беру мазмұнын жаһандану кезеңімен байланыстыра отырып өзгерту аса маңызды.
Бұл тұрғыда оқыту процесі кезінде жүйелі-әрекеттік тәсілді пайдалану аса тиімді болатыны белгілі. Жүйелі-әрекеттік тәсіл дегеніміз – оқушының өз бетінше ізденіп, білім жинауы және осы жолда оған мұғалімнің оқудың түрлі формаларын ұсынуы. Бүгінгі күні бұл тәсіл өте кең ауқымда қолданылып жүр. Оқытудың дәстүрлі форматында мұғалім сабақ бойы өзі сөйлеп, өзі түсіндіріп шықса, бүгінгі жаңартылған білім беру жүйесінде мұғалім тек бағыт-бағдар береді. Оқушы өз бетінше ізденіп, білім мен ғылымның алтын қорын жинауға тырысады. Бұл өз кезегінде оқушының шығармашылық потенциалын арттыратыны сөзсіз. Егер оқушы өздігінен кітап бетін ақтарып, интернеттегі дереккөздер мен материалдарды пайдаланатын болса, онда ол бұл бағытта жетістікке жетеді. Бұл жүйелі-әрекеттік тәсілдің басты ерекшелігі.
Сонымен қатар, мектеп қабырғасында оқушыларды оқыту процесінде ең алдымен жүйелі-әрекеттік әдісі басты назарға алынуы керек. Себебі, қазіргі таңдағы оқулықтар мен оқу құралдары жүйелі-әрекеттік әдісі бойынша жазылған. Сондықтан, әрбір бастауыш сынып мұғалімі аталмыш технологиядағы негізгі функцияларды өзінің сабағында жетік қолданып, оны бүгінгі күннің талабына сай икемдеп, жаңа форматты оқыту процесінің үлгісін қалыптастырғаны абзал. Жүйелі-әрекеттік әдісі бүгінгі күні өте кең ауқымда қолданылып келе жатыр. Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген ынтасы мен ықыласын арттыру мақсатында қолданылып жүрген бұл технологияның беріп жатқан нәтижесі өте үлкен. Жүйелі-әрекеттік әдісі ұйымдастыруды оқушының сана-сезімі мен ақыл-ойының дамуын арттыратын, баланың шығармашылық қабілетін көтеретін басты бағыт. Жүйелі-әрекет кезінде сабақ өте сәтті өтеді және сабақ барысында ерекше жағдай мен шынайы орта қалыптасып, ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынас күшейе түседі. сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл уақытта тек сабақты түсіндіріп, оны бағалап қана қоймайды, сонымен қатар оқыту прцоесінің сапалы өтуіне тікелей әсер етеді. Яғни, сабақтың сәтті өтуіне ат салысатын басты тұлғалардың бірі. Тек осындай жүйелі-әрекеттік әдісі барысында ғана оқушы ақыл-ойын дамыта отырып, тәрбиенің тәлімімен сусындай алады. Жүйeнің басты мақсаттaрының бірі – балaны оқыта отырып жaлпы дамыту, оның eркіндігін қалыптастыру, өз бeтінше ізденуге, шeшім қабылдауғa дағдыландыру, жeкелік қасиеттерін ескeру, басшылыққа aлу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғaлыққа бағыттау.
Білім мен ғылым қоғамдық сананы жаңғыртып, адамның ақыл-ойын дамытатын аса маңызды құндылық. Ал осы білімнің алғашқы іргетасы бастауыш сыныпта қаланбақ. Оқушының бұл кезеңде жинайтын білімі оның өмір бойына азық болары сөзсіз. Жалпы бастауыш сынып баланың білім мен тәрбиені бойына барынша жинап, тұлғалық дамуына ерекше жағдай жасайтын кезең. Міне, бүгінгі жаңартылған білім беру жүйесі де бастауыш сыныптағы оқыту процесін дамыту арқылы елдің өркендеу мәселесін басты назарда ұстайды. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білімге ерекше күш түсіре отырып, білім беру жүйесін одан ары дамытуды көздейді. Баланы тек қана біліммен қаруландырып қоймай, оның бойына тәрбиенің тәлімін де сіңдірген маңызды. Әсіресе бұл мәселеге бастауыш сыныпта оқитын оқушылар үшін өте өзекті. Себебі, баланың алғашқы тұлғалық даму үрдісі жүретін кезеңде оған деген қолдау көрсетіп, эстетикалық білім мен тәрбиенің озық үлгісін ұғындырған абзал. Бастауыш сыныптағы білім беру процесі осындай іргелі мәселелерді басты назарда ұстауы қажет. Сонымен қатар балаларды әсемдікпен тәрбиелеу үлкен жетістікке бастап апарары сөзсіз. Ұстаз баланы көркемдікті қабылдауға, сұлулықты тануға үйретіп, эстетикалық пікір, эстетикалық ықылас, эстетикалық таным мәселелерін зерделеуге ықпал етеді. Мектеп қабырғасында көркемдік-эстетикалық білім берудің негізгі мақсаты – баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңдіріп, оның санасында осы құндылықтарға деген көркемдік мораль мәселелерін қалыптастыру екені сөзсіз. Бұл тұрғыда оқушының эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, оның сыни ойлау қабілетін де жетілдіре түсу аса маңызды. Баланың сезіміне әсер етіп, оның танымын кеңейту – тәрбие мен білімнің күрделі салаларының бірі.
Қазіргі таңдағы білім беру жүйесі оқушыларды тек біліммен қаруландырып қоймай, оның іскерлік, тұлғалық, сапалық қасиеттерін жандандырып, қоғамға тез сіңісіп кетуіне әсер етуі керек. Тұлға ретінде қалыптасып, өзінің проблемаларын шеше білуге, оқушының әлеуметтенуіне, өзін-өзі жан-жақты дамытуына ықпал еткен жөн. Білім алуға бағытталған педагогикалық құзірет талабынан туындайтын бұл мәселеде педагог әлеуметтік, қоғамдық, мәдени компоненттерді түзей отырып, білікті түрде жүзеге асыруды көздейді. Осылайша қазақстандық білім беру жүйесі өзінің негізгі фундаменталдық қасиеттерін сақтай отырып, жалпылама формаларды енгізуге дағдыланғаны дұрыс. Бұл өз кезегінде сабақты зерттеу мәселесінде басты назарға ұстайтын мәселе. Бұл білім беру формасының негізгі мәні – оқушының тұлғалық және шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік тудыру. Сонда ғана оқыту процесінде білім алушылардың жетістіктерінің жандануына көмектесе аламыз.
Баға – сабақты қандай деңгейде меңгергеніңнің көрсеткіші ғана емес, сондай-ақ, ол тәрбие құралы. Өзінің бағасы арқылы ол сабаққа немқұрайды қарамауға тырысады. Оқыту процесі кезінде фундаменталды білімі мен жинаған білігінің сапалық ерекшеліктерін көре отырып, бағасының маңыздылығына тоқталады. Бұл өз кезегінде оқушыға ойлануға мүмкіндік беретін арнайы құрал десек те болады. Келесі жолы өзінің қай тақырыпқа жетік емес екенін анықтап, бағдарлай алады.
Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында жоғарыдағы мәселерге баса назар аударылып жүр. Білім беру жүйесінде баланың білім деңгейін көтерумен қатар оның сана-сезімін дамыту да маңызды факторлардың қатарына жатады. Сонымен қатар бұл мәселе бастауыш сыныптарда көркемдік-эстетикалы білім беруде инновациялық технологияларды кіріктіре оқыту – бүгінгі күннің басты мәселесі. Эстетикалық тұрғыдан білім беру ол баланың сезіміне әсер ете отырып оқыту болса, бұған қазіргі таңдағы дамыған технологияларды байланыстырып оқыту бұл саланы одан әрі жетілдіре түсетіні сөзсіз. Себебі, өзі талай тәжірибе мен сын тезінен өткен оқыту форматын жоғары технологиялық құралдардың көмегімен оқыту білім беру форматын ыңғайлап, алға қадам бастырады.
Қазіргі кезде елімізде білім беру жүйесінің жаңа үлгісі жасақталып, бұрын-соңды болмаған өзгерістер орын алып жатыр. Бұл білім саласында болып жатқан едәуір өзгерістерге бағытталып отыр. Себебі, бүгінгі күні білім берудегі негізгі парадигма өзгеріп, жаңаша оқыту әдіс-тәсілдері қалыптасты. Оқытудың мазмұны жанданып, жаңаша ойлау мен озық идеялар туып, тың жұмыстар пайда болуда. Жасөспірімдерге білім беру кезінде түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, оны ғылыми-педагогикалық бағытта қолдану күн тәртібіндегі мәселенің қатарына шықты. Осы орайда мектеп мәдениетінің толықтай қалыптасуына жаңаша әдіс-тәсілдердің оқыту практикасында қолданылуы әсер ететін айтып кеткеніміз жөн.
Бүгінгі техника мен ғылым, білім мен инновациялық мүмкіндіктер қарыштап дамыған уақытта оқушының талантын, шығармашылығын дамытып, оны игілікке жарату білім беру ошақтарының негізгі міндетіне айналды.Бұл бүгінгі оқушының потенциалы мен күш-қуатын еселей түсіп, оның мүмкіндіктеріне жол ашпақ. Сондықтан кез келген оқушының таным деңгейіне қарай оған білім беруді, тәрбиенің тәлімін сіңдіруді, оны бәсекелестікке қабілетті етіп шыңдап, дербестікке, еркіндікке баулу аса маңызды шарттардың бірі. Өйткені қазіргі заманғы білім беру жүйесі мемлекеттік стандарттарды негіздей отырып, жаңартылған педагогикалық үрдісті дамыта түседі. Бұл мектеп ішіндегі түрлі мәселелердің шешілуіне жол ашпақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Жұмабаев М. Педагогика – Алматы.
2) Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. - Алматы, 2000.
3) Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мұғалімге арналған Нұсқаулық. Астана, 2016.
4) Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2017ж