ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР
Кыдыралиева Камажай Калшериповна
Алматы облысы,Қарасай ауданы,Жандосов ауылы
О.Жандосов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Бөлімі: | |
Педагогтің аты-жөні: | |
Пәні: | Математика |
Күні: | |
Сыныбы: | 4-сынып |
Сабақатың тақырыбы: | ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 4.4.2.2 кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық есептерді шығару |
Сабақтың мақсаты: | Кеңістіктік фигуралар жөнінде түсініктерінің болуы. Кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық есептерді талдау және шығару. |
Құндылықтар: | Сыйластық; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Басы 2 мин. | Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: | Ерте тұрып, күнде мен Тереземді ашамын. «Сәлем!» деймін күнге мен, Шаттық әнге басамын. Айналама қарасам, Ғажаптар қаншама, Сан жетпейді санасам, «Сәлем!» деймін күнге мен. | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | Сары, жасыл, житондар |
Ортасы 7 мин. | Күннің жадын жазу Көркем жазу Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Логикалық есептер Білу Кеңістіктік ойлайды дамытатын логикалық есептерді шығаруды үйренеміз. | Дескриптор: Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысты. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. | Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары | |
5 мин. | Сен фигураның жазбасына берілген тапсырмаларды орындауды білесің. Бұрышы қиып алынған текшенің жазбасын тап. | Есіңде сақта! Есептеуді қажет етпейтін есептер де болады. Оларды шығару үшін сенің ойлау зеректігің қажет болады. Олар логикалық есептер деп аталады. Бұл – нағыз «ақыл-ойға арналған гимнастика». Жауабы: 3 | Дескриптор: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. | Оқылым, жазылым тапсырмалары. |
5 мин | Пішін неше текшеден құрастырылған? |
● Сол жағында 13 текше. ● Оң жағында 10 текше. | Дескриптор: Неше текшеден құрастырылғанын айтады. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. | ДК экраны 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері |
4мин | Математика күнделікті өмірде | Бөлмеге линолеум төсеу үшін жұмысшы бөлмедегі арқалық қойылған жерді қоспай, бөлменің ауданына тең линолеум бөлігін сатып алуы тиіс. a) Бөлменің жалпы ауданы – 36 м2. ә) Арқалық қойылған жердің ауданы – 6 м2. б) Пайдаланылатын ауданы – 30 м2. | Дескриптор: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды. ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | ДК экраны 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері |
Сергіту сәті 2мин | https://youtu.be/Sb6f2p0kqdk | |||
3мин | Есепте және тексер | Дескриптор: Амалдарды дұрыс орындайды. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. | ДК экраны 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері | |
4мин | Зерттеу жұмысын жүргіз. Зерттеу жұмысын жүргізіп, әрқайсысының жасын табады. | Түйе мен жылқыға жүк артып келе жатқан жолаушы: «Егер жылқының үстіндегі бір қапты түйеге ауыстырсам, онда түйенің үстіндегі жүк жылқының үстіндегі жүктен екі есе ауыр болады. Ал егер түйедегі бір қапты жылқыға ауыстырсам, онда екеуінің жүгі теңеседі», – деді. Әр жануардың үстіндегі қаптың саны 10-нан кем. Бастапқыда әрбір жануардың үстінде қанша қап жүк болған? | Дескриптор: зерттеу жұмысын жүргізеді, жауабын табады. ҚБ: Смайликтер арқылы бір-бірін бағалау.
| ДК экраны 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері |
Соңы 2 мин. | Үй тапсырмасы: | 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері | ||
Кері байланыс 2 мин | «Жетістік баспалдағы» әдісі |