ТАҢДАП АЛУ ТӘСІЛІМЕН ШЫҒАРЫЛАТЫН КОМБИНАТОРЛЫҚ ЕСЕПТЕР
Уркимбаева Гулзат Сатылганкызы
Жамбыл облысы, Шу ауданы,
Жиенбет негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
Бөлімі: | |
Педагогтің аты-жөні: | |
Пәні: | Математика |
Күні: | |
Сыныбы: | 4-сынып |
Сабақатың тақырыбы: | ТАҢДАП АЛУ ТӘСІЛІМЕН ШЫҒАРЫЛАТЫН КОМБИНАТОРЛЫҚ ЕСЕПТЕР |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 4.4.4.1 «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару |
Сабақтың мақсаты: | Комбинаторлық есептер жөнінде түсініктерінің болуы. «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді талдау және шығару |
Құндылықтар: | Сыйластық; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||
Басы 2 мин. | Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: | Ерте тұрып, күнде мен Тереземді ашамын. «Сәлем!» деймін күнге мен, Шаттық әнге басамын. Айналама қарасам, Ғажаптар қаншама, Сан жетпейді санасам, «Сәлем!» деймін күнге мен. | ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | Сары, жасыл, житондар | ||||||||||||||||
Ортасы 7 мин. | Күннің жадын жазу Көркем жазу Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Таңдап алу тәсілімен шығарылатын комбинаторлық есептер Білу Бүгін біз комбинаторлық есептерді таңдап алу тәсілімен қалай шығаруға болатындығын білетін боламыз. | рман кемпірқосақтың суретін салды. Оның бояу жиынтығында 7 түс бар. Алдымен ол 3 түсті таңдағысы келді. Жиынтықтағы бояулардың 3 түсін неше тәсілмен таңдауға болады? 7 • 3 = 21 Жауабы: 21тәсілдермен | Дескриптор: Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысты. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. | Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары | ||||||||||||||||
5мин. | Тапсырманы орында. | Есіңде сақта! Комбинаторлық есептер – берілген нысандардан есепті шығару барысында бір немесе басқа да шарттарға бағынатын түрлі комбинация жасауға және түрлі комбинациялардың санын санауға тура келетін есептер. Жай есептер түрлі кесте немесе сызба жасамай-ақ, мүмкін болатын тәсілдерді әдеттегідей толық таңдап алу арқылы шығарылады. Қарапайым жағдайларда біз өзімізге қажетті барлық түрлі комбинацияларды жазып және олардың санын анықтай аламыз. Егер сандарды жазуда цифрлар қайталанбайтын болса, онда 1, 2, 3 цифрларынан қанша екі таңбалы сан құрастыруға болады. 12, 21, 23, 32, 13, 31 Жауабы: 6 | Дескриптор: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. | Оқылым, жазылым тапсырмалары. | ||||||||||||||||
5 мин | Таңдап алу тәсілімен орында. | Әлия жексенбі күні әжесіне (Ә), құрбысына (Қ) және сіңлісіне (С) барып қайтпақшы. Ол баруды қандай ретпен ұйымдастырады? Дәптеріңе таңдап алу нұсқаларын жаз. Дәптеріңе «Мүмкіндіктер тармағы» сұлбасын толтыр. | Дескриптор: Таңдап алу тәсілімен орындай алады. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. | ДК экраны 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері | ||||||||||||||||
4мин | Кесте құрып, тапсырманы орында. | Би үйірмесіне Арман, Серік, Ерлан, Нұрлан, Дана, Айна, Әлия, Маржан қатысады. Ұлдар мен қыздар қандай би жұптарын құра алады?
| Дескриптор: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды. ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау. | ДК экраны 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері | ||||||||||||||||
Сергіту сәті 2мин | https://youtu.be/Sb6f2p0kqdk | |||||||||||||||||||
3мин | Кесте бойынша өрнектер құрып, олардың мәнін тап. |
45 146 + 648 · 3 = 45 146 + 1944 = 47 090 9 825 - (986 - 369) = 9 825 – 617= 9 208 6 959 · 3 + 473 · 2 = 20 877 + 946 = 21 823 | Дескриптор: Өрнектерді құра алады, мәнін табады. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау. | ДК экраны 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері | ||||||||||||||||
4мин | Зерттеу жұмысын жүргіз. Зерттеу жұмысын жүргізіп, әрқайсысының жасын табады. | Айна, Әлия, Дана, Бану және Құралай гүлдердің суретін салды. Олар көк қоңыраугүл, қызыл қызғалдақ, сарғалдақ, қызыл қалампыр және сары нәркестің суретін салды. Айна мен Әлия бірдей гүлдерді бейнеледі. Ал Әлия мен Құралай өздерінің гүлін бір фломастермен бояды. Айна мен Банудың гүлдері сары болды. Қыздардың әрқайсысы қандай гүлдің суретін салды? | Дескриптор: зерттеу жұмысын жүргізеді, жауабын табады. ҚБ: Смайликтер арқылы бір-бірін бағалау.
| ДК экраны 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері | ||||||||||||||||
Соңы 2 мин. | Үй тапсырмасы: | 4-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері | ||||||||||||||||||
Кері байланыс 2 мин | «Алма ағашы» әдісі |