БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ
ЖАҢАРТЫЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Жуматаева Орынхан Мухамадиевна
Алматы қаласы, №104 ЖББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш сынып оқушыларын жаңартылған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқыту жаңашыл көзқарас пен заманауи технологияларды қарастыруды талап етеді. Қазіргі таңда жаңартылған әдіс-тәсілдер жетіп артылады. Алайда, олардың ішінен төмендегі әдістерді бөліп қарастыруға болады. Мәселен:
Интерактивті тақтаны қолдану:
-Интерактивті тақтаны қолдану арқылы дәріс сабақтарын ұйымдастырып өткізу оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, мультимедиялық ресурстарды және әртүрлі білім беру қосымшаларын пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, графиктер мен диаграммаларды, карталарды және басқа да көрнекі элементтерді пайдалана отырып, оқу материалын визуальды түрде қабылдауға жағдай жасайды. Бұл әдіс өз кезегінде оқушылардың түсінігін арттырады. Ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтауға ықпал етеді.
Интерактивті тақтану пайдалану арқылы оқушы сұрақтарға жауап беріп, ақпаратты өңдей алатын болады. Яғни, бұл әдіс арқылы интерактивті оқу ортасын құруға болады. Және де аталмыш тақта арқылы мұғалім мен оқушы әртүрлі онлайн білім беру ресурстарына қол жеткізіп, өздерінің білім көкжиектерін кеңейтеді. Мұғалім мен оқушы кері байланыс орнатып, материалды түсіну деңгейін бағалайды.
Жалпы, интерактивті тақта сабақты оқушылардың жеке қажеттіліктеріне қарай бейімдей алады. Ал, бұл дербес оқыту мүмкіндігін тудырып, әр оқушыға материалды тиімді меңгеруге көмектеседі. Оқушыларға мәселелерді шешу, идеяларды талқылау, жобалар құру сынды маңызды мәселелерді оңай әрі тиімді шешуге жағдай жасайды. Топтық дағдыларды дамытып, әлеуметтік өзара әрекеттесуге ықпал етеді.
Интерактивті тақтаны пайдаланудың ең тиімді тұсы – уақыт үнемдеу. Ол арқылы оқу материалдарын жасау және дайындауға уақыт салыстырмалы түрде аз кетеді. Яғни, мұғалім жаңа сабақты, жаңа ақпаратты тікелей тақтадан көрсетіп, өңдеп, сақтай алады. Сондай-ақ, бейне, аудио, сурет пен мәтінді қоса алғанда оқытудың әртүрлі форматтарын оңай әрі жоғары сапада қолдануға болады. Оқушыларда интерактивті тақтаны қолдана отырып, өз жобаларын, презентацияларын көрсетіп, өз шығармашылықтарын еркін әрі креативті жеткізе алады.
Жобаға негізделген оқыту:
-Оқушыларға тақырыптарды өз бетінше зерттеуге, есептерді шешуге және өз жобаларын ұсынуға мүмкіндік беретін жобалық оқыту әдісін енгізу. Бұл сыни ойлау мен шығармашылық дағдыларды дамытуға көмектеседі. Сабақ барысында аталмыш оқыту түрі білім алушылардың академиялық, әлеуметтік және практикалық дағдыларын дамытуға арналған көптеген артықшылар береді. Мәселен, жобалық оқыту оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуын талап етеді. Оқушы ақпаратты талдауға, негізгі аспектілерді анықтауға және негізделген шешім қабылдауға бейімделіп, сыни ойлау дағдысын дамытады.
Негізінен, жобалық оқыту оқушылар арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді. Өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай жасайды. Мысалы, аталмыш оқыту барысында оқушы көбінесе ақпаратты өздігінен іздеуге дағдыланады.
Жобалық оқыту оқушылардың топтық байланыс барысында тыңдау, кері байланыс ортану, жанжалдарды шешу қабілеттерін қоса алғанда, топтық жұмыс дағдыларын дамытуды талап етеді.
Сонымен қатар, жобалық оқыту формативті бағалауды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніңіз, аталмыш оқыту жобаның орындалу барысына қарай оқытуды бағалайды, бұл нәтижелерді үздіксіз жақсартуға ықпал етеді.
Ынтымақтастық жолмен оқыту әдістері:
-Оқушылар топта жұмыс жасап, ой алмаса алатын, мәселелерді бірлесіп шешетін бірлескен оқыту әдістерін қолдану. Бұл қарым-қатынас дағдыларын және әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға көмектеседі.
Ынтымақтастық жолмен оқыту әдістерінің басқа әдістерден бірқатар артықшылықтары бар. Мәселен, ол әлеуметтік дағдыларды дамытады. Оның ішінде оқушылардың бірін-бірі тыңдай білуіне, ойларын жеткізуге, кері байланыс беруіне жағдай жасайды. Ұжымдық жауапкершілікті дамытуда да маңызды рөл атқарады. Мысалы, оқушылар топта жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау арқылы өзіне артылған жауапкершілікті сезінеді. Аталмыш әдіс әр оқушының сабаққа белсенді қатысуына әрекет етеді.
Жалпы, топпен жұмыс әртүрлі көзқарастарды талқылауды және талдауды қажет етеді. Өз кезегінде бұл сыни ойлауды дамытып, мәселені шешуде әртүрлі көзқарас қалыптастырады. Қақтығыстар мен проблемаларды шешу жолдарын үйретеді.
Ынтымақтастық жолмен оқыту оқушыларды ынталандырады. Оқушылардың көшбасшылық және ынтымақтастық дағдыларын дамытады. Өйткені, топтық жұмыс барысында оқушылар көшбасшы әрі топ мүшесі ретінде әрекет етеді.
Білім алушыларды еркін болуға үйрету:
-Оқушыларға еркін қозғалуға, бірлесіп жұмыс істеуге және оқудың ең жақсы әдісін таңдауға мүмкіндік беретін икемді оқу кеңістігін құру. Бұл ыңғайлы және белсенді оқуға ықпал етеді.
Оқытуды саралау:
-Әр оқушының жеке қажеттіліктері мен деңгейлерін ескеретін саралап оқыту әдістерін қолдану. Бұл оқу процесін әртүрлі оқу стильдеріне бейімдеуге мүмкіндік береді.
Оқытудағы ойын элементтері:
-Оқу процесіне оқу ойындары, квесттер мен жарыстар сияқты ойын элементтерін енгізу. Бұл оқытуды қызықты етеді әрі балаларды ынталандырады.
Шығармашылық қолдау:
-Шығармашылық жазу әдістерін, сурет салу секілді көптеген көркемдік әдістерді қолдану оқушылардың шығармашылығын қолдаудың таптырмас құралы болып саналады.
Бағалау:
-Оқыту процесіне бағытталған формативті бағалауды жүзеге асыру оқушыларға кері байланыс орнатуға жағдай жасайды.
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту балалардың білім беру жолының маңызды кезеңі болып табылады. Сол себепті, бұл кезеңде ерекше көзқарасты, жеке ерекшеліктер мен қолайлы оқу ортасын құру маңызды саналады. Бұл ретте, балаларға сабақты ойын тәсілі ретінде түсіндірген тиімді. Ойын арқылы бүлдіршіндер сабаққа белсенді қатысып, әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын дамытуға да ерекше назар аударған жөн. Мәселен, интерактивті әдістерді, түрлі-түсті кітаптарды, әріптік ойындарды пайдалану арқылы аталмыш дағдыларды меңгертуге болады. Заманауи технологияларды, оқу қолданбаларын және интерактивті білім беру ресурстарын пайдаланудың да маңызы зор. Себебі, бұл әдіс-тәсілдер сабақты қызықты әрі цифрлық дәуірде өскен балаларға қолайлы етуге көмектеседі.
Аталмыш кезеңде балаларға әртүрлі оқу материалдарын ұсынған дұрыс. Мысалы, оқушыларды кітаптар, карталар мен ойындар, басқа да оқу ресурстарымен қамтамасыз ету маңызды. Және де әртүрлі тапсырмалар беру арқылы әр оқушының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра аламыз.
Қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының білімін жетілдіру бүгінгі күні аса маңызды мәнге ие мәселе болып саналады. Себебі, ақпараттар ағынына жұтылып кетпей, өзінің негізгі келбетін сақтап қалу үшін халықтық деңгейде түрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал бастауыш сынып оқушыларының білімін жетілдіру кезінде үлкен және көлемді жұмыстар атқарылуға тиіс. Себебі, жапырақтай жайқалған, санасы әлі кірленбеген баланың есте сақтау қабілетін, сөздік қорын дамыту сынды түрлі әдістер оның болашағына үлкен әсер етеді. Бұл болашақ ұлттың ізгілікті жолының бір келбеті болып саналады. Сондықтан, аталмыш стратегияларды оқушы бойына дарыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.А. Асқарбаев, М. Жазыбаев, С. Рахметова. “Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру”: Алматы-1975;
2.Айдосова З. “Дамыта оқыту технологиясының мәселелері ”(қазақ тілі мен әдебиеті).- 2004;
3.Бастауыш мектеп методикасы. Алматы.- 1987;
4."Бастауыш білім" журналы. 2011. № 4.
5.Қисымова.Ә.К.Оқыту технологиялары.-Алматы,2007 жыл.
6.Аймаханова.Қ.,Аманова Ф.,Әбубакирова А. Қазақ мектебі және бүгінгі білім берудегі құндылықтар.-Қызылорды.2011 ж.