М.СЕРАЛИННІҢ ПУБЛИЦИСТІК ШЫҒАРМАЛАРЫ

  • М.СЕРАЛИННІҢ ПУБЛИЦИСТІК ШЫҒАРМАЛАРЫ
  •  

Кожекенова Кульнара Нурахановна

Алматы қаласы,Жетісу ауданы

№129 ЖББМ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Мұхамеджан Сералиннің журналистік қызметі екі дәуірге, публицистік шығармалары екі топқа бөлінеді. Оның біріншісі-Ұлы Октябрь социалистік революциясынан бұрынғы журналистік қызметі, «Айқап» журналында басылған мақалалары;  екіншісі-Ұлы Октябрь социалистік  революциясынан кейінгі журналистік қызметі, «Ұшқын», «Еңбекші Қазақ», «Ауыл» газеттерінде басылған мақалалары.

«Айқап» журналында Мұхамеджан Сералиннің, ірілі-уақты, қырықтан аса мақаласы басылған. Бұл мақалалардың көпшілігі сол заманғы қазақ халқының саяси, шаруашылық, мәдени халі мен болашағы туралы жазылған.

Мұхамеджан Сералиннің публицистік стилінің бір ерекшелігі-ол мақалаларының көбіне саралап, арнайы ат, тақырып, қоймайды, көбін күнделік, хат сияқты етіп жазған жерін, айын, жылын, тақырып етіп қойып, мысалы «Шәһәр Троицкі, февраль, 1911 жыл» деген сиқты ат қойып жазады; бір қатарын «Басқарушыдан», «Оқушыларға», «Сұрауларға жауап» деген сияқты бірыңғай, ұқсас аттар қойып жазған.

Мұхамеджан Сералиннің бір мақаласында бірнеше мәселені сөз ететінін де, әр түрлі тақырыпқа  жазылған бірнеше мақаласының бір аттас болып келетіні де болады. Сондықтан оларды талдағанда бір мақаланың бірнеше рет аталуы,  бір аттас мақалалардың әр жерде кездесуі мүмкін.

Мұхамеджан Сералиннің «Қызмет иесі мырзаларға», «Қадырман оқушыларға!», «Басқарушыдан», «Айқап» деген  сияқты бір қатар мақалалары «Айқап» журналы туралы, соның  аты, мақсаты, жылдық жұмысының қорытындысы, алдағы уақыттағы міндеттері туралы жазылған.

Мысалы, ол «Қызмет иесі мырзаларға» деген мақаласында: «Журнал шығарудан мақсат атқ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды...Журналымызға «Айқап» деп есім бердік... «Қап» дегізген, қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды деп жазады.

«Құрметті оқушылар!» деген мақаласында «Айқап» журналын жұрттың оқи бастағанына жыл толғанын, «Айқап» журналы жер мәселесі туралы жұрттың ойын қозғауға себеп болғанын, халық соты, әйел теңдігі, балаларға оқыту, сайлауға таласудың зияны жөнінде бірсыпыра мәселелерді көтергенін айтты.

Журналдың 1912 жылғы бірінші санында басылған «Қадырман оқушылар!» деген бас мақаласында «Айқап» тың алдағы уақытының міндеттерін санап көрсеткен.

«Айқап» журналы шығуының тоқтауымен байланысты 1915 жылы, август айындағы жазған «Басқармадан» деген мақаласында, Мұхаметжан журнал жұмысының барлық нәтижесін қорытқан. Соғыс, қымбатшылық себепті енді журналдың жабылатынын айта келіп:

«Ал, енді, азаматтар!», «Әркім барына мәзір» деген ғой. Біз қолымыздан келген жұмысымызды жұмсаудан тартынбай, қазақ жұртымызға азда болса, бір соқпақ жол болсын деп, бастап журнал шығардық. Мақсатымыз дүние жиып, байыымақ, пайдаланбақ емес, тек қана жұрттың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық. Жазылған сөзімізде, ойлаған ойымызда қатеміз көп болған шығар...Алайжа, не жазсақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік. Соның үшін азаматтар бізді айыптамас деп үміт етеміз.

Мысалы, «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген мақаласында, ол «қазақ халқының қазіргі тілегі қалай болғанда да жерге орналасу, қала болу, егін пайдасына жарайтын жерлерді сақтап қалу. Бұдан бізге келетін екі-үш түрлі пайда бар: біріншіден өзіміз сұранып қала салсақ, азда болса егін салуға қолайлы жерлерге ие болыып қаласыз, екіншіден, мектеп, медресе ашып, балаларымызды оқытып, сүйікті отанымыз болған Россияның пайдалы жұртының бірі боламыз» дейді.

«Біздің бұрынғы һәм қазіргі халіміз» деген 1911 жылы жазған мақаласында Мұхамеджан осы пікірлерін тағы қайталайды.

«Шәһәр Тройцкі, март, 1912 жыл» деген мақаласын отырықшы болу, қала салу неліктен пайдалы деген оқушылардың сұрауына жауап етіп жазған. Осы мақаласында да Мұхаметжан «жер алып, қала салу пайдалы. Қала салып, қазақ бір жерге басын қосса, халық халықтығын жоғалтпайды» деген пікірлер айтады.

М.Сералиннің осы пікірін, жер мәселесі жөніндегі Бақытжан Қаратаевтың мемлекеттік екінші Думада сөйлеген сөзін кейбіреулер теріс, олар Қазақстанға көшпенділерді келтіруге, қазақ халқы мен орыс халқының араласуына, достасуына қарсы болды; бқлары ұлтшылдық еді дегенді айтады.

Бұл дұрыс емес. Себебі Мұхамеджан Сералин да, Бақытжан Қаратаев та Қазақстанға қоныстанушылардың келуіне қарсы болған жоқ, оларды патша өкіметінің әкеліп қоныстандыру әдісіне қарсы болды. Мысалы, Б.Қаратаевтың Думада сөйлеген сөзін алсақ , онда ол былай дейді:

«Біз шаруа бауырларымыздың жерге мұқтаждығын жақсы түсінеміз және сземіз., біз ризашылығымызбен ығысып, орын беруге әзірміз, бірақ басы артық жерлер өте аз. Ал көшіп келу қазіргі кезде киргиз-қайсақ халқын көшіріп жіберумен ұштасып жатыр.. Киргиздерді жерлерінен  емес, олардың тұрғын үйлерінен көшіріп жатыр. Деудің орына: «Қазіргі уақытта қоныстандыру ісі қазақ, қырғз халқын қоныынан көшіру жөнімен жүргізіліп жатыр» , -дейді. «Патша өкіметі қоныстанушыларға бос жатқан жерлерді алып бермей, халық пайдаланып отырған жерлерді алып беріп жатыр» деудің орнына: «Артық жер жоқ, қазақ , қырғыз қонысынан, үй-жайынан қуылып жатыр» дейді, яғни жалпылап, барлық ойын бүркемелеп, астарлап айтады.

 


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз