ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЙТА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ 

ҚАЙТА ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

 

Уксикбаева Нұргүл Мырзабекқызы

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Шығанақ ауылы, 

Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі

Директордың тірбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз. 

(Әл-Фараби)

«Қиын бала», яғни тәрбиесі қиын бала – әлеуметтік назардан тыс қалған бала. Орыстың ұлы педагогтары мен ғалымдарының зерттеу жұмыстарының дәлелдеуіне қарағанда, қиын балалардың шығуына үш фактор себепші болады.

1. Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы яғни, тұрмыстағы ұрыс-талас, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы, дұрыс талап қоймаушылық т.б себептер.

2. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер. Оқушылардың жеке басының мінез-құлық ерекшеліктерін, ынтасын, қызығушылығы мен талап, тілегін ескермеуден.

3. Қоғамдық орта, яғни достарының алатын орны ерекше.

Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауы, үлкендермен, кішілермен қалай қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, қайрымдылық пен жылылықты сырттан іздейді. Осының әсерінен олар көшедегі жат қылықтарды бойына сіңіріп алады. Көшедегі кездейсоқ топтарға еліктеп, баланың ішімдік ішуге, темекі шегуге, дөрекі сөйлеуге, құмар ойындарына қызығушылықтары артады. Мұғалімге қарсы сөйлеу, ата-анаға бағынбау, сабақтан қашу сияқты жат қылықтар осының нәтижесі болып табылады. Қиын оқушыларды қайта тәрбиелеу үшін оның жағымсыз әдеттерін жоғалтып, жағымды әдеттерін арттыру қажет. Сондықтан оларды сыныптан тыс іс-шараларға, спортқа, өнерге, техникаға, мектепте үнемі жүргізілетін қоғамдық жұмыстарға қатыстыру керек. Және де белсенділігі мен талпынысына қолдау көрсетіп, сыныпта оның беделін көтере отырып, әрбір жасаған істеріне баға беріп, көңіл бөлінсе баланың өмірге деген көзқарасы өзгерер еді. Мұғалімдер өз тәрбиесінде қиын баланың ар-намысына тимей жеке ерекшелігін ескеріп, педагогикалық этиканы сақтай отырып, қадағалап отырғаны абзал. Себебі мұғалімдердің пікірі қарым-қатынасы оқушыларға үлкен ықпал етеді.

Мұғалімнің негізгі мақсаты - қиын балаларды қоғамның белсенді және сапалы құрылысшылары етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуының, еңбекке деген сүйіспеншілігін, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сынып жетекшісі жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде табысқа жетудің негізгі шарты – қиын балалардың жан-жақты білуі. Мұғалім өзіне қатысты сыныпта қиын балалар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, қиын балалардың ата-аналарын және жұртшылықтың қиын бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, олардың қиын балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.

Қиын балалардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, кемшілікке, төзімділікке, сенімділікке тәрбиелеу керек.

Қиын балалардың жеке басын танып білуде, оның оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, қиын балалардың оқу әрекетіндеоның оқуға деген ынтасын психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі, т.б.) сынып жетекшісі сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды. Осы тұрғыдан қарай отырып, тәртіп бұзушылыққа бейім балалармен дұрыс тәрбие жүргізу жолдарын анықтаймыз. Баланың тәрбиесі жайлы алғашқы мәліметтің жоқтығынан бастауыш сынып мұғалімдеріне бірінші күннен бастап баламен мақсатты түрде жеке тәрбие жұмысын жүргізу қиынға соғады.

Сондықтан қиын баланың отбасындағы мінез-құлқы жайлы мәліметтердің болғаны жөн. Бұл үшін арнайы сауалнамалар дайындалады. Тәртіп бұзушылыққа бейімділік белгілері көріне бастаған баламен бірінші күннен саналы тәртіпке және мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің жеке жоспары жасалады. Оқушы мінез-құлқындағы теріс белгілерін ең алғашқы көрініс біреуінен-ақ байқап, ауытқушылықтың алдын-алуға мүмкіндік береді. Оқушының бос уақытын әр түрлі көпшілік іс-шаралармен толтыру арқылы алдын алу шараларын қамтамассыз еттік деу бекершілік. Тек қиын балалардың қызығушылығын туғызған көңілінен шығатын іс-шаралар болса басқаша. Мұндай істер қатарында әр түрлі үйірме жұмыстарын айтуға болады. Өйткені үйірмеге бала ешкімнің зорлығынсыз, өз еркімен келеді. Ал «қиын» балаларды өз тобына қосып алады. Тәрбие жұмысындағы тағы бір маңызды нәрсе баламен сөйлесе білу. Жас ерекшелігін ескере отырып, жеткіншектермен, жасөспірім балалармен олардың өз тілінде сөйлеу керек.

Қиын балаларды сен «қиынсың» деп кеудесінен нұқымай жалпы балалар тобынан бөлудің қажеті жоқ. Бұл оларды одан әрі есіртіп жібереді, «көрдіңдер ме, бізге ерекше назар аударылады» деп басқалардың алдында әдейі көкірек қаға түседі немесе өздері жайлы төмен бағаға үйреніп бәрібір мені ешқашан мақтамайды деп еті үйреніп кетеді. Осыдан барып ешнәрсеге құлқы жоқ, немқұрайлы болады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей келеңсіз отбасыларымен жұмыста тек түсіндіру шаралары арқылы оларға ықпал ету жеткіліксіз. Бұл жұмыста қоғамдық ықпал ету, медициналық және құқықтық шараларды қолданған жөн.

Дүниеге келген әрбір бала толыққанды отбасында тәрбиеленуі үшін ата-ананың балаға берер тәрбиесі, жауапкершілігі, міндеті өте зор болуы керек. Әр баланың мінез-құлқын ата-анасынан артық білетін жан жоқ, баласының білсем, көрсем, үйренсем деген ниетін қайтармай, ойына ой қосып, артық істерінің бұрыстығын дер кезінде айтып, дұрыс шешім қабылдауға, дұрыс ойлауға ұмтылдыру, игі бастамасын қолдап, дем беру ата-ананың, мектептің борышы. Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қараған жағдайда тәрбие дұрыс болмақ.

«Қиын балалардың ой өрісінің даму деңгейі»

Көптеген практикалық мақсаттар үшін қиын балалардың ақыл ойын бағалауда төрт деңгейде қарастырған.

а) бір қалыпты дұрыс деңгей

б) артта қалу деңгейінің жеңіл түрі

в) артта қалу деңгейінің орташа түрі

г) артта қалу деңгейінің өрескел түрі

Ақыл ойдың бір қалыпты дұрыс дамуының стандартты тілі бойынша алынған коэффиценттік өлшемі жетпістен жоғары бағаға сәйкес келеді. Қиын балалардың ақыл-ойдың деңгейі неғұрлым төмен болған сайын, оның психикалық күйзелу қалпы соғұрлым жоғары болады. Коэффицентті ақыл-ойдың даму деңгейі орташа балада мектепте оқыған он жылдың он бес балдың көлемінде кемуі немесе артуы мүмкін. Сондықтан оқуда болашақ табысқа жетудің предикторы ретінде оның маңызы бола тұрса да ақыл-ойлылық коэфицентінің нақты мөлшеріне тым қатты көңіл аударудың қажеті жоқ.

Артта қалу деңгейінің жеңіл түрі 50 ден 70 балға дейінгі диапазонда болатын ақыл-ойдың коэффиценттік мөлшері сәйкес келеді.Қиын балалардың ақыл-ойының даму коэффицентінің төмендігі генетикалық факторлардың әсер етуінен, ал кейбір көпшілік бөлігі кедей отбасыларының балалары болғандықтан ақыл-ойдың дамуына жағдай жасалынбайтын және көңіл аудармайтын әлеуметтік факторлардың әсерінен болатындығы айқындалады. Қиын балалардың тек аз ғана бөлігіндегілердің ақыл-ой дамуының төмендегі ми ауруына шалдығуының немесе оның зақымдануының салдарынан болатындығы ақиқат. Жеңіл дәрежелі ес арқылы кем балалар мүмкіндігінше есепті, жазуды және оқуды үйреніп кетеді, бірақ ол үшін көпшілігіне арнайы мектепте оқуларына тура келеді. Осындай мектепті бітіргеннен кейін олардың көпшілігі жұмысқа орналасады.

Ақыл-ой коэффиценті шамамен 35 тен 49 баллға болатын артта қалу деңгейінің орташа түріндегі балалардың арасындағы көрініс мүлде басқаша байқалады. Соған қарамастан мұндай балалардың да арнайы мектепке оқуларына мүмкіндігі болады, алайда оқуға ерекше икемі бар кейбіреулерін қоспағанда, олардың көпшілігі жазудың, есеептің және оқудың ең тіпті қарапайым элементтерін де меңгере алмайды. Ақыл-ойдың даму коэффицентінің бұлай төмендеуі басым көпшілік жағдайда мидың ауруға шалдығуынан немесе зақымдануынан болады. Мектепті бітірген мұндай балалардың басым көпшілігі өздеріне қауіп төндірмейтін өте қарапайым жұмыстарды ғана істей алады.

Ақыл-ойы өте артта қалған балалардың да жағдайларыда осыған ұқсас болады, алайда олар нашар дамиды, сондықтанда олардың көпшілігі тіпті өте қауіпсіз және ең қарапайым жұмысқада жарамайды. Артта қалған ақыл-ойдың артта қалу деңгейлерінің араларындағы сапалық айырмашылықтарының немесе 70, 50 және 35 сандарымен көрінетін ақыл-ой коэффиценттерінің шекаралық мөлшерлерінің әлде қандай керемет маңызы бар деп ойлаудың қажеті жоқ. Қиын балалардың даму барысына қарай ақыл-ойының кез келген деңгейіндегі ойлау қабілетінің көрсеткіші қандай болса, жекелеген сынақтардың ойдағыдай орындалу көрсеткіштері де сондай өте тұрақсыз болуы мүмкін. Қиын балалардың ақыл-ойының артта қалуы әртүрлі деңгейдегі топқа жататын балаларды салыстырып қараған кезде, олардың этилогиясында, оқу болжпмында, жұмысқа қабілеттілігінде және бала көтеру қабілеттілігін де едәуір айырмашылықтардыболатындығы анықталады. Сондықтан бұл топтағы балалардың өзара ойлау қабілеттерінің дамуындағы айырмашылықтары дәрігерлер үшін де, педагогтар үшін де маңызды және өте үлкен практикалық мағынасы бар.

 «Мінез-құлқы қиын балалар және олардың дербестік өзгешелігі» 

Мінез-құлықтың дербестік өзгешелігі жөнінде жөнінде бір-біріне көп ұқсастығы бар жағдайлар пайда болады. Енді агрессивтік мінез-құлық проблемасын мысал ретінде талдап көрейік. Оның пайда болуы алуан түрлі себептер мен көріну мүмкін. Агрессивтік мінез-құлық сырттай қарағанда қарапайым ашу-ыза сияқты болып көрінгенімен, бірақ оның толық ұғымын ашып бере алмайды.

Біздің қоғам дамуының күрделі әлеуметтік эканомикалық жағдайларға және нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті эканомикалық орта, дәрігерлік қызметтің нашарлығы т. б балалардың денсаулығына мінез-құлқына, оқытуға байланысты әлеуметтік психологиялық бейімделуге қатысты қиын мәселелерді тудырып отыр. Көптеген ғылымдардың пікірінше бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады. Бірақ соңғы жылдары мінез-құлқы қиын балалардың арасында «жасару» тенденциясы байқалады.

Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта әлеуметтік – психологиялық дезадантацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына, мінез-құлық бұзылуының клиникалық және креминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады. Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда

Выготский Л.С еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ Макаренко А.С тәжірбиелерінен де үлкен орын алды. Қиын баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды роль атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болады, дамудың әлеуметтік жағдайы түп-тамырымен, бала үшін жетекші орын алатын оқу әрекеті қалыптасады.

Қиын балалардың жеке қасиеттерінің психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік белгілері, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принцептерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ нәтижелі жұмыс қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі:

1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана 2007

2. Ү.Б. Жексенбаева. Балалардың дарындылығын диагностикалау әдістемелік құрал. «РАД иАЛ» баспасы «Алматы» 2005.

3. Дарынды балалармен жұмыс//Қазақстан мектебі. -2008 №6 34-36 бет

4. Үздік білім берудің жолдары//Мектеп директоры. – 2010 №1 27-29 бет

5. Дарынды оқушымен жұмыс//Мектеп директорының орынбасары. – 2010 №1 27-29 бет

 

Комментарии 2

LindaClini 28 мамыр 2024 05:03
Introducing https://Accstores.com, your go-to resource for top-notch web accessibility solutions. Our platform is dedicated to ensuring that every website is inclusive and accessible to all users. With a wide range of innovative tools and services, we empower businesses to create digital experiences that leave no one behind. Join us in our commitment to inclusivity and accessibility for all. Explore https://Accstores.com today and elevate your online presence to new heights. click Through The Next Web Site https://Accstores.com
Marvinjag 21 маусым 2024 17:26
Hello Dear Upload your Soft/Games to DailyUploads Filehost & earn upto 10$ /1k Downloads. Signup Link: https://dailyuploads.net/free1.html User this Coupon Code to get Free Premium account for 1 year. Coupon: Free360 Regards DU Support

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз