Республикалық «Мен – Ұстазбын!» атты шығармашылық байқауының ережесі
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».
(Н.Ә. Назарбаев)

1. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
1.1. Ұстаздардың теориялық және практикалық біліктіліктерін жетілдіру.
1.2. Білім беру мекемелеріндегі ұстаздардың арасынан ең озық ұстаздарды анықтау, оларды қолдау.
1.3. Қазіргі кезеңдегі ұстаз үлгісін жасау. Ұстаздардың креативті-шығармашылық ізденіске ынталандыру.
1.4. Педагогтардың теориялық және практикалық жұмыстарды өткізу
дағдысын жетілдіру.
1.5. Педагог білімі мен біліктілігі, құндылығы мен педагогикалық
тәжірибелерді насихаттау.
2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
2.1. Байқау жұмыстары 2017 жылдың 13 қыркүйегінен бастап 14 қазанға
дейін қабылданады. Байқауға 2017 жылғы 14 қазан айынан кейін түскен және Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды.
2.2. Байқау қорытындысы, жеңімпаздар (байқауға қатысқан педагогтар барлығы төсбелгілермен 2017 жылы 21 қазан күні Алматы қаласында өтетін «Мұғалім еңбегі – рухани жаңғыру кепілі» атты Республикалық конференцияда марапатталады) дипломдары мен қатысушылар
Сертификаттары және төсбелгілері 2017 жылы 21 қазан күні Алматы қаласында өтетін «Мұғалім еңбегі – рухани жаңғыру кепілі» атты Республикалық конференцияда марапатталады. www.эрудит.kz сайтында
жарияланады.
2.3. Байқауға қатысу үшін 20000 (жиырма мың) теңге төлем ақысы төленеді.
2.4. Төлемақы барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі
реквизиттер арқылы жүргізіледі.
Ақша аударымдары үшін шоты:
ИИН: 770620303470
6762 0035 1057 9062 «Народный Банк Казахстана»
Төлемақы аталуы: «Мен-ұстазбын» байқауы.
2.5. Байқауға қатысу үшін n_ortalyk@mail.ru электронды поштасына
келесі құжаттарды жіберу қажет:
1) Сұраныс 1-қосымшаға сәйкес;
2) Сканерден өткізілген төлемақы құжаты (түбіртек немесе төлем
тапсырмасы);
3) Байқауға қатысатын жұмысты.
3. Байқауға қатысушылар
3.1. Жалпы орта мектептері, гимназиялары, мектеп-интернаттары, мектеп-лицейлері, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының мұғалімдері мен оқытушылары, балабақша тәрбиешілері қатыса алады.
4. Байқау талаптары
4.0. Байқауға қатысушы екі бөлімнен тұратын шығармашылық жұмыстарын жолдайды.
1) «Мен - ұстазбын!» тақырыбындағы ойтолғауы;
2) Шығармашылық жетістіктерінің тізімі.
4.1. Жұмыстың мазмұны байқаудың тақырыбына сай болуы қажет.
Қатысушы өз ойын, қиялын еркін білдіріп, жұмысты өзі орындайды.
4.2. Байқауға жолданған жұмыстар қайтарылмайды, авторларға
рецензиялар жіберілмейді.
4.3. Текст көлемі 5 беттен аспауы қажет. Құжат А4 пішінді, жұмыс
Microsoft Word форматында жазылады, қарпі-Times New Roman; кегль-14; сол жағынан - 3 см; оң жағы, жоғарғы және төменгі жағы – 2 см.
4.4. Титул парағының бірінші бетінде қатысушының аты-жөні, лауазымы,
телефон, е-mail көрсетілуі тиіс.
4.5. Интернет желісінен алынған, баспасөз бетінде жарияланған дайын
материалдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Байқау жұмыстары
бұрын ешқандай интернет желісінде жарияланбаған болуы тиіс.
Бағалау өлшемдері
Тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы;
Шығармашылығы мен ізденісі;
Ойдың дербестігі;
Байқау тақырыбына сәйкестілік;
Байқау жұмысының әлеуметтік мәні, позитивтілігі мен креативтілігі;
Автордың өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы;
Орындалу ұқыптылығы.
6. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды
анықтайды. Әділ-қазылар шешімі өзгермейді және қайта қарауға жатпайды.
6.2. Байқаудың жүлделі орындарына ие болған жеңімпаздар I, II, III
дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Орынға ілікпеген қатысушыларға
сертификаттар беріледі.
6.3. Анықтама телефондары: 8 707 177 71 08: 8702 312 00 97: 8705 431 47 63; 8 778 452 74 29
ҮЛГІ
1-қосымша
Халықаралық ғылым мен
білімді қолдау орталығының директоры
Н.Жолтаеваға
__________________________
Республикалық «Мен-Ұстазбын!» атты
шығармашылық байқауына қатысуға сұраныс
р/с | Қатысушының аты-жөні | Жұмыс орны, қызметі | Мекен-жайы, телефоны, эл.почтасы | Жарна түбіртегі |
1 | Мұғалім Мектепқызы | Алматы қаласы, №1 гимназия, бастауыш сынып мұғалімі | Алматы қаласы, Фурманов көшесі 74/5, 8777 000 00 00, | бар |
Қатысушы: Мұғалім Мектепқызы