Білім саласы қызметкерлеріне арналған «Мұғалім еңбегі-рухани жаңғыру негізі» атты республикалық конференция

 

Білім саласы қызметкерлеріне арналған

 «Мұғалім еңбегі-рухани жаңғыру негізі»

атты республикалық конференция 

ЕРЕЖЕ


 

Жалпы ережелер

1.1. Іс-шараның ұйымдастырушылары - Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы; Эрудит – интеллектуалды білім порталы.

1.2. Конференция мұғалімдер арасында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасуға бағытталады.

2. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері

 

2.1. Ісшараның мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында патриоттық тәрбиемен қатар  оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігін анықтау және жаңа форматтағы оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу. Елбасы мақаласындағы білім беру саласының өзектілігі мен маңыздылығын негізге ала отырып жұмыс жасау технологиясын ұғыну.

2.2. Іс-шараның міндеттері:

- Колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жасау үшін кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, ынталандыру;

- Үздік мұғалімдердің жаңартылған білім беру жағдайында сабақты ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен алмасу үшін жағдай жасау.

- Конференция аясында біліктілік арттыру курсын өткізу, қатысушыларға курс туралы сертификаттар табыс ету.

 

Ісшараның жұмыс тілі: қазақ, орыс.

 

3. Қатысушылардың категориясы

 

Іс-шараға Жалпы  орта  мектептері,  гимназиялары,  мектеп-интернаттары,  мектеп-лицейлері,  орта  арнаулы  және  жоғары  оқу  орындарының  мұғалімдері  мен оқытушылары, балабақша тәрбиешілері қатыса алады.

 (Өтінім – 1 қосымша).

 

4. Өткізу мерзімі

Конференция іс-шараның бағдарламасына сай 2017 жылдың 21 қазан күні өткізіледі.

Қандай да бір өзгерістер болған жағдайда алдын-ала ескертіледі.

  

5. Өткізу тәртібі

 

5.1. Конференцияға қатысушылар Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының мамандарымен байланысып алдын ала тіркелуі қажет. (Қосымша 1).

5.2. Конференция аясында білім саласына елеулі үлес қосып жүрген педагог мамандар Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының арнайы төсбелгілерімен марапатталады.

5.3. Конференцияға қатысушы педагогтардың баяндамалары мен мақалалары арнайы электронды жинақ ретінде баспадан жарық көреді. (жинаққа материал жариялау жарнасы 3000 (үш мың) теңге). Конференцияға сырттай қатысып жинаққа материал жариялауға болады , жинаққа материал қазан айының 5-не дейін қабылданады.

6. Конференцияға қатысу үшін қойылатын талаптар:

* Қатысушы білім саласының қызметкері болуы шарт;

* Өтінім қағазын қатесіз толтыруы керек. Конференцияға қатысушылар арнайы дипломдар мен сертификаттармен марапатталады.

* Қатысу тегін.

Конференцияға қатысуға өтінім берген мұғалімдерге алдын-ала қызмет орнына шақырту хат жіберіледі. 

Қосымша сауалдар үшін: Әдіскерлер:  8 707 177 71 08; 8702 312 00 97;  8705 431 47 63; 8 778 452 74 29 

Форум жұмысының қосымша 

қызметтеріне арналған банк реквизиттері:

ИИН: 770620303470

6762 0035 1057 9062 «Народный Банк Казахстана»

Қатысу үшін жарнасы мен толық мәліметтерді және конференция жинағына материалдарды n_ortalyk@mail.ru

почтасына жолдауы керек.

 

 

1 қосымша

 

Білім саласы қызметкерлеріне арналған

«Мұғалім еңбегі – рухани жаңғыру негізі» атты

республикалық конференцияға қатысуға арналған

ӨТІНІМ 

 

Қатысушының жұмыс орны (қала, мектеп),(қысқартусыз)

Қызылорда қаласы, № 280 мектеп-лицейі

Қатысушының аты-жөні, тегі (қысқартусыз, куәлікте көрсетілгендей)

Надиров Әмір Қалқожаұлы

Лауазымы 

Мектеп директор орынбасары

Мамандығы

Тарих пәні мұғалімі

Педагогикалық қызмет өтілі

24 жыл

Пошталық адресі 

(индексті көрсету)

120000

Телефон, факс, электронды адрес,

ұялы телефон (міндетті)

87777775245, амир@mail.ru

 


Қатысу бөлімі

Біліктілік арттыру курсына

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз