«Ғылымға қадам – болашақ кепілі» атты Республикалық ғылыми жобалар байқауы

«Ғылымға қадам – болашақ кепілі» атты Республикалық ғылыми жобалар байқауы

ЕРЕЖЕСІ

 

Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары.

Қатысуға өтінім қабылдау мерзімі: 10 қарашаға дейін, 2017 жыл.

Қорытынды уақыты: 15  қараша 2017 жыл, ОҚО, Арыс қаласындағы  Е.Молдабаев мектебінде   өткізіледі.

Ұйымдастырушы: Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы; Эрудит – интеллектуалды білім порталы.

1. Халықаралық ғылыми жобалар байқауынының мақсаты және міндеттері:

1.1. Байқаудың мақсаты:
-Білім алушыларды шығармашылық әрекетке тарту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарға ынталандыру.
1.2. Міндеттері:
-Балалардың еңбектерін шыңдауға деген белсенділігін арттыру, ынталандыру;
-Жас ғалымдардың ізденімпаздығын бағалап, олардың
шығармашылық тұрғыдан дамуына қолдау көрсету;
-Ғылым саласында эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын
қалыптастыру.

2. Байқауға қатысушылар


2.1. Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта және қосымша білім беру
мекемелерінің 18 жасқа дейінгі білім алушылары қатыса алады.

3. Байқау талаптары


3.1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар 5 бағыттан, 17 секциядан тұрады:
І Бағыты «Ғылыми – техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны».
Секциялар:
Физика
Техника
Жер және Космос туралы ғылымдар
ІІ Бағыты: «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»
Секциялар:
Математика
Қолданбалы математика
Информатика
Экономика
ІІІ Бағыты: «Таза табиғи орта – адам дамуының негізі»
Секциялар:
Химия
Биология
Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау
ІV Бағыты: «Қазақстан тарихи ескерткіштері және шығармашылық тұлға негізі»
Секциялар:
Тарих
Өлкетану
Этномәдениеттану

VБағыты: Тіл білімі және әдебиеттану мәселелері


Секциялар:

Тілтану / Языкознание

Әдебиет / Литература

Ағылшын тілі/Английский язык

3.2. Байқауға ұсынылатын жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар төмендегідей:

Ғылыми жобада:

- бет парақ;

- мазмұны;

- кіріспе;

-теориялық бөлімі;

- зерттеу бөлімі;

- қорытынды;

-пайдаланған әдебиеттер тізімі;

-қосымша (егер қажет болса) болу керек.

Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек.


4. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

4.1. 2017 жылдың 15  қараша күні  ОҚО, Арыс қаласындағы  Е.Молдабаев мектебінде   өткізіледі.

4.2. Байқауға қатысу 4000 (төрт  мың теңге).

4.3.Жол және жатын орын басқа да шығындар өз қаражаттарынан .

www.эрудит.kz Интеллектуалды білім порталымен толық танысу. Портал әдіскерлері арқылы немесе портал арқылы қатысуға сұраныс жіберу.

Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей өтінімдерін жіберуі керек.

Қатысушы қатысу жарнасын төленген түбіртек көшірмесін eruditkaz@mail.ru почтасына өтініммен қосып жолдауы тиіс.

5. Бағалау өлшемдері

5.1. Ғылыми жұмыстың өзектілігі

5.2. Ғылыми жаңалығы

Қорытынды:

Қатысушылар жүлделі орындармен және дипломмен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Әрбір қатысушы жетекші мұғалімімен қоса мадақталады. Жеңімпаз қатысушы www.эрудит.kz Интеллектуалды білім порталында жарияланады.

Қосымша сауалдар үшін: Портал әдіскері ; 8707 177 71 08; 8705 431 47 63, 8702 312 00 97, 8778 452 74 29, 8707 679 64 34

Кесте 1

«Ғылымға қадам – болашақ кепілі» атты Республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысу үшін

 ӨТІНІМ

Қатысушының мекен-жайы (қала, мектеп),(қысқартусыз)

Алматы қаласы, № 280 мектеп-лицейі

Қатысушының аты-жөні, тегі (қысқартусыз, куәлікте көрсетілгендей)

Надиров Әмір Қалқожаұлы

Қатысушы жетекшісінің немесе ата-анасының аты-жөні

(қысқартусыз, куәлікте көрсетілгендей)

Смайлова Динара Жайдарқызы

Мамандығы

Тарих пәні мұғалімі

Телефон, факс, электронды адрес,

ұялы телефон (міндетті)

87777775245, амир@mail.ru

Қатысу бағыты

Таза табиғи орта – адам дамуының негізі


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз