
Бүгінгі заман баласы мен бұрынгы заман баласын салыстыру мүмкін емес. Бұны барлық ата-ана біледі. Естеріңізде ме, біздің ата-аналарымыз қалай өсіп еді? Ата-анамызға ата-әжелеріміз тәрбиенің қайнар көзін миына сіңгізіп, тәрбиелеп еді. Әр үйде 10-15 баладан, 3 балаға бір киімнен еді. Неге 3 балаға бір киімнен деп ойлайсыздар? Себебі, ақшасы, жағдайы жетпегеннен емес, балаларымыз бөлініп, өзімшіл болмасын, ұйымшыл болсын деген оймен. Қазыргі ұл-қыздардың қолында телефон болған болса, ол кезде қыздары киім жуып, үй жұмысымен айналысқан. Артындағы іні-қарындастарына қарасқан (әрине 15 балаға бір ананың өзі қарау мүмкін емес. Әкелер жұмыста). Ал жігіттеріміз "Майнкарфт, кайнкрафт" ойынын ойнап үйде отырмаған. Отын жарып, су тасып, қыста қар күреп, жазда шөп жұлған. Қазыр ше? Ойлап қараңыз, сіз балаңызға қазыр бар да қар күре десеңіз орынынан қозғала ма? Жооқ! Оған бұл қар да, үйдің есік алды да, әсте керек емес! Бұнын екі себебі бар: 1-тәрбие, 2-баланың өз санасынан. Балаларға дұрыс көңіл бөлу де бұған жатқызылады. Әрине, күйбең тірлік, ақша-тамақ деп жүріп, баланың не істеп, не қойғанын да байқамайды. Неге? Осыны ойланайық!
Дереккөз: bilim-all.kz