Алып кітапхана

Жер шарындағы ең үлкен кітапханалардың көшін Капитолий жотасында бой көтерген АҚШ конгресінің кітапханасы бастайды.
Іргесі 1800 жылы қаланған алып кітапхана қорында қазір 100 миллион дана кітап бар. Бұл ғимараттың жалпы аумағы 26,4 гектар болса, ондағы кітап сөрелерінің ұзындығы 900 шақырымға жетеді екен. Ал Ұлыбританиядағы ең үлкен кітапхана Британ кітапханасы Лондондағы 20-дан астам үйде орналасқан. 16 миллионға жуық кітап қоры бар бұл кітапханада 2500 адам қызмет істейді. Мұндағы кітап сөрелері жыл сайын 13 шақырымға ұзарып отыратын көрінеді.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз