Кітап оқудың денсаулыққа пайдасы қандай?

Әрбір дана кітапта 100 мил­лионнан артық ақпарат болады. Кітап оқу кезінде ми осы ақпараттарды есте сақ­тау­­мен қатар, зейін қуатын да күшейтеді.
Негізі адамның миы үздіксіз шынығу арқылы қуаттанып, қатерлі дерттерге қарсы қуатын арттыра алады. Түрлі медициналық зерттеулер кітап оқу мидың белсенділігін сақтап, қартаюының алдын алады екен.
Бұл күнде адам жүйкесіне кері әсер ететін жағдайлар көптеп кездеседі. Бұл миға үлкен қысым түсіреді екен. Жүйкенің мұндай ауырласуының алдын алатын әдістердің ішінде кітап оқу ең өнімді тәсіл болып, 6 минут ішінде қысымды 68 пайызға төмендетуге болатын көрінеді. Бұл әдемі музыкалар есту арқылы немесе сейілдеу арқылы жеңілдеуге қарағанда нәтижелі саналады.

Аnatili.kazgazeta.kz сайтынан алынды.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз