Калькуляторды кім ойлап тапқан?

 
Заманауи калькулятор­лар­дың эволюциясы XVII ғасыр­да шотландиялық математик Джон Непер логарифмдерді ойлап тапқан кезде басталды.
Ол көбейту мен бөлу амал­дарын қосу мен алудың бір­неше операциялары арқылы өр­нектеген. Дж.Непердің ең­бектері 1622 жылы логарифм­дік сызғыштың пайда болуына түрткі болды. Ал екі жыл­дан кейін германиялық Вильгельм Шиккардтың механикалық калькуляторы пайда болды.
В.Шиккардтың «есептегіші» барлық төрт амалды орындағанымен, оның құрылғысы тез арада ұмытылып кетті. Неміс тарихшысы Франц Хаммер ол туралы жазбаларды мұрағаттан тауып алады. В.Шиккардың қағаздары 1957 жылы жарияланып, оны әлемдегі алғашқы механикалық калькуляторды ойлап тапқан адам деп таниды. Бұған дейін ғылымда калькуляторды француздық Блез Паскаль ойлап тапқан деген пікір туындаған болатын.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз