Кәсіп бастағыңыз келсе...

Қазір ауылдық жерлерде жұмыссыздарды оқыту, соның ішінде, кәсіпкерлік дағдыларын үйретуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар әзірленген. Солардың бірі – «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту». Оның шеңберінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асырды. Негізгі мақсат – шалғай ауылдарда жұмыссыз жүрген жастарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды кәсіп бастауға үйрету және қолдау. Курстың қатысушылары бір айдың ішінде кәсіпкерлік негіздерін үйретеді: қаржылық сауаттылық, маркетинг және заң мамандығы негіздері, бизнес жоспарлар мен шешендік дағдылар. Жобаны іске асыруы жыл басынан бері қолға алынған. Кәсіпкерлер палатасында белгілі болғандай, «Бастау Бизнес» түлектері негізінен мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және жүк тасымалдауға ыңғай танытады. Себебі, аталған салалар ауылдық жерлерде сұранысқа ие. Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП оларға барынша жақсы жағдай жасап келеді.

Ғаламтордан алынған

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз