1. Кітап оқу сөздік қорыңызды байытады. Кітаптың ішінен өзіңізге беймәлім сөзді байқасаңыз анықтамасын біліп, түртіп қойғаныңыз абзал.
2. Кітапты көп оқыған сайын өзгелерге еліктеу де азая түседі.
3. Тиыннан теңге құралғандай оқылған әр кітаптан білім жиналады.
4. Ми үшін кітап оқу денеге жасалған физикалық жаттығу секілді.
5. Кітап оқу процессі үлкен миды үздіксіз қозғалысқа салады соның арқасында кітап оқу- ұзақ өмір сүрудің кепілі екен.
6. Кітап адамның ойлау жүйесін дамытып, қиял кеңістігіне жол ашады.
7. Жылдам уақытта ойды жүйеге келтіруді қалыптастырады
8. Кітапты көп оқитын адамдарға өзгелермен тіл табысу әлдеқайда жеңіл келеді екен.
Таң қалдырар деректер:
1. Наполеон минутына екі мың сөз оқыған.
2. Бальзак романның 200 бетін жарты сағатта оқитын болған.
3. М.Горький минутына төрт мың сөз оқыған.
4. Н.А.Рубакин өмірінде 250 мың кітап оқыған.