Елордада жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан турнир өтіп жатыр

Тәуелсіздік мерекесі мен Алаш үкіметінің 100 жылдығына орай Астанада бокстан республикалық ашық турнир өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар» телеарнасын сілтеме жасап. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Павлодарлық Шешенстандағы WFCA жекпе-жек турнирінде жеңіске жетті Фируза Шарипованың Алматыдағы айқасына әлемге танымал төреші тағайындалды Қазақстан тумасы Бақтиярдың промоутерімен шарт жасасты Байрақты бәсеке жастар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған. Былғары қолғап шеберлерінің додасына еліміздің барлық өңірі мен Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан да боксшылар келген. Ұзын саны 180 спортшы жиналды. Олар жас ерекшеліктері бойынша 7 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтауда. «Бүгін турнирдің жартылай финалы өтіп жатыр. Рингке 28 жұп шығады. Біздің құрамамыз жақсы өнер көрсетуде. Астана, Алматы қалаларының спортшылары мықты. Ресейліктер де осал емес». - дейді жарыстың бас төрешісі Қанат Сиқымбаев.  

Дереккөз: Қазақпарат

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз