
Жаңа инновациялық құрылғы MasSpec Pen деп аталады. Дәрігерлердің ұстап жүруіне де ыңғайлы, қалтаға сыйып кетеді. Технология хирургтерге ота кезінде қандай тінді қалдырып, қайсысын алып тастау керектігі жөнінде нақты диагностикалық ақпарат береді.
Дәрігерлердің пікірінше, қатерлікті ісікті анықтаудың күні бүгінге дейін қолданылып келген технологиясы уақыт пен дәлдік жағынан MasSpec Pen құрылғысына ілесе алмайды.